Вернуться к списку статей

“Астанада” жаңа ойыншы – Маевский Максимовичтің орнын баса ма?

Футбол
1K
«Астана» футбол клубы Беларусь құрамасының 28 жастағы жартылай қорғаушысы Иван Маевскиймен келісімшартқа отырғанын бүгін жариялады.

«Астана» футбол клубының ресми сайты Иван Маевскиймен келісімшартқа отырғандарын ресми түрде баяндады. Жартылай қорғаушы елордалықтардың Дубайда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына барып, командамен бірге жаттығу жұмыстарына кірісіп те кетіпті.

Маевский соңғы екі маусымда Ресей премьер-лигасындағы «Анжи» клубының сапында өнер көрсетті. 2015 жылдан бастап Беларусь құрамасына тұрақты түрде шақыртылып, бүгінге дейін 12 ойын өткізді.

Иван Маевский жасыл алаңда қорғанысқа тірек болар шепте де ойнайды, орталық жартылай қорғаушы қызметін де атқара алады. Неманья Максимович «Валенсия» клубына кетсе, серб саңлағының орнын басуы әбден мүмкін.

Өнер көрсеткен клубтары:

2008-2009 – «Вертикаль» (Беларусь)

2009-2013 – «Партизан» (Минск, Беларусь)

2013-2014 – «Минск» (Беларусь)

2015 – «Завиша» (Польша)

2015-2016 – «Анжи» (Ресей)

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика