Клара Абдоллақызы Тимур Сегізбаевпен 50 жылдан астам уақыт отасып, ғұмырлық серігі, жан жары болды. Өмірінің қиын-қыстау кезеңінде арқа сүйер тірегі де болғанын білеміз. Соңғы жылдары Тимур ағаның денсаулығы сыр беріп, үйінен шықпай қалды. Клара апай ардагер футболшымыздың үнемі жанында болып, жігерлендіріп жүретін.
Тимур аға өмірлік жан жарымен Алматыдағы дене шынықтыру институтында танысқан. Сегізбаев футбол ойнаса, Клара апай баскетболшы болған. Кейіннен Клара апайдың кейбір құрбылары да Тимур ағамен бірге ойнайтын «Қайраттың» футболшыларына тұрмысқа шыққан...
Тимур аға «Қайраттың» бетке ұстар ойыншысы болса, Клара апай футболшылардың отбасыларымен бірге араласып тұруларына ұйытқы болған. Енді Сегізбаевтың жан жары жоқ... Инсульт... Бекем болыңыз, Тимур аға!
Біз Тимур Санжарұлының, қыздары мен немерелерінің және туыстарының қайғысына отақтасып, көңіл айтамыз. Арты қайырлы болсын. Жаны жәннатта болсын дейміз.
Клара апайды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі жексенбі күні сағат 10:00-де басталады...