Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Црна Гора футболшыларынан ойсырай ұтылып қалды. Ресей маманы Александр Бородюк жаттықтыратын құрамамыз тым болмаса, бір гол соға алмай, жанкүйерлерімізді жасытты. Қалған екі ойында алаң иелері басым түсті.
Дания құрамасының көш басындағы Польша футболшыларын күйрете жеңуі көпшілік күтпеген нәтиже болды десек, асыра сілтегендігіміз бола қоймас. Есеп – 4:0. Роберт Левандовски бастаған поляк жігіттері 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасында бірінші рет жеңілді.
Ал Румыния және Армения құрамалары арасындағы матч, керісінше, өте тартысты өтті. Алаң иелері 90 минут бойы қонақтарының қақпасына гол соға алмай, қара терге түсті. Ойынның 54-минутында армяндардың орталық қорғаушысы алаңнан қуылып, олар тіпті кем құрамда ойнады. Сонда да тайталасып бақты. Алайда матчтың негізгі уақытына қосылған қосымша минутта румындар бір гол соғып, жеңісті жұлып алды.
Басқа топтардағы қызықты нәтижелерге көңіл аударар болсақ, «А» тобында Люксембург футболшылары Беларусь құрамасын ұтты (1:0). Ал «H» тобындағы Кипр жігіттері Босния және Герцеговина құрамасын тізе бүктірді (3:2). Осы топтағы Эстония түзде Грекиямен тең түсті. Біздің жігіттерге үлгі боарлықтай-ақ – ойындар...
2018 жылғы әлем чемпионаты, Еуропадағы іріктеу дода. «Е» тобы, VІІ тур.
Қазақстан – Црна Гора – 0:3 (0:1)
Дания – Польша – 4:0 (2:0)
Румыния – Армения – 1:0 (0:0)
Жетінші турдан кейінгі турнир кестесі