Вернуться к списку статей

Любиша ТУМБАКОВИЧ – Қазақстан құрамасының жеңілісіне бас бапкерінің еш қатысы жоқ

Футбол
1K
Любиша ТУМБАКОВИЧ – Қазақстан құрамасының жеңілісіне бас бапкерінің еш қатысы жоқ
Ойыннан кейін Црна Гора құрамасының бас бапкері баспасөз мәслихатына асығып кірді. 5-ақ минут уақыты бар екендігін айтты да, журналистерден кешірім сұрап, бірден сұрақтарға жауап беруге көшті.

– Кеше матчтың алдында сіз бас бапкерін ауыстырғалы бері Қазақстан ұлттық құрамасының ойыны алға жүрді деп айтқан едіңіз. Сіз біздің командадан прогресті шынымен-ақ байқадыңыз ба?

– Дұрыс түсініңіздер, Қазақстан құрамасының жеңілісіне бас бапкерінің еш қатысы жоқ. Ол кінәлі емес. Барлық мәселе футболшылардың мотивацияларында. Нақты айтсақ, біздің ойыншылар турнир кестесінде жоғары орындарға таласып жатыр. Өз тобымызда неғұрлым жоғары өрлегіміз келеді. Ал Қазақстан футболшыларында мұндай мотивация жоқ. Сондықтан, сәтсіз ойындарыңыз бас бапкерге емес, футболшыларға байланысты.

– Таблодағы есеп әділетті ме?

– Меніңше әділетті емес. Өйткені, сіздердің ойыншыларыңыз да жаман ойнаған жоқ. Рас, шәкірттерім соққан үш гол еңбексіз келді демеймін. Бірақ, сіздер де бір гол соғуға лайық болдыңыздар.

– Екі гол соғып алғаннан кейін ойыншы алмастырдыңыз. Ол жарақат алып қалды ма, әлде тактикалық қадам ба?

– Бұл менің тактикалық қадамым болатын.

– Қазақстан ұлттық құрамасының ойынында сізге ұнаған тым болмаса бір нәрсе болды ма?

– Иә, жақсы ойыншыларыңыз бар екен. Маған мәселен, сол қапталдағы ойыншыларыңыз ұнады. Сондай-ақ, 14 нөмірдегі (Роман Муртазаев) шабуылшыңыз да есімде қалып қойды.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика