Биыл турнирге 21 команда жиналды. Оның 15-сі елордамыздың журналистері болса, қалған алтауы аймақтардан келген командалар. Шымкенттен екі ұжым келген, Алматы «Проспорт» газетін жіберіпті, Тараз, Талдықорған және Қызылжар да ат арытып Астанаға «Бердіқұлов» үшін келген.
21 команда бес топқа бөлінді. Төртеуінде төрт командадан, біреуіне бесеу орналасты. Ұйымдастырушылар комитетінің ережесі бойынша әр топтың үздігі және екінші орын алғандардың ішінде көрсеткіші жоғары үш ұжым ширек финалға жолдама алатын. Турнирдің қызығы да сол шығар, бір топта екі кездесуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең түскен «Хабар 24» топтан шыға алмай қалса, бір топта екі ойын өткізіп, екеуінде де тең түскен «Elorda aqparat» ширек финалға шығып кетті. Өйткені, бұлардың тобында «Қазақстан» ұлттық арнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы турнирге тіркеліп, соңғы сәтте ойынға келмей қалғандықтан «ДИАП» қарсыластары техникалық жеңістер алып жатты.
Сонымен, ширек финалға шыққан сегіздіктен «Хабар» мен «Егемен Қазақстан» және «Elorda aqparat» пен «ОҚО-1» командалары жартылай финалдың жұптарын құрап, екі кездесуде де 1:2 есептері тіркеліп, бас жүлдеге құрамында Берік Уәли, Төлеубек Қадырмолла, Алмас Манап, Еркебұлан Алдабергенов, Ермұхамед Мәулен, Асқар Хамиден, Аян Әбдуәли сынды марғасқалар бар Дархан Қыдырәлі бастаған «Егемен Қазақстан» мен Шымкенттен келген журналистер таласты. Бұл матч та 2:1 есебімен аяқталып, еліміздің бас газеті Сейдахмет Бердіқұлов турнирінің жеңімпазы атанды.
Ал келесі маусымда турнирді Талдықорған қаласы қабылдауға ниет танытып отыр. Бәлкім, Спорт комитеті Сейдахмет Бердіұлов додасын «обал» қылмай, аймақтарға берер.
Сейдахмет БЕРДІҚҰЛОВ турнирінің хаттамасы