Вернуться к списку статей

Қазақстанмен кездесетін Польша құрамасы да құрамын жариялады

Футбол
2K
Польша құрамасының сапы. Фото: pzpn.pl
Қазақстан ұлттық құрамасымен кездесетін Польша құрамасы қыркүйектің басында өткізетін матчтарына шақыртылған футболшылары тізімі жариялады.

Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалка 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін келесі кездесулеріне дайындалатын 22 футболшыны атады. Бұл тізімді Польша футбол одағының ресми сайты кеше кешкісін жариялады:

қақпашылар Лукаш Фабиански (Суонси, Англия), Лукаш Скорупски (Рома, Италия), Войцех Щесны (Ювентус, Италия), Пшемыслав Тытонь (Депортиво, Испания);

қорғаушылар Ян Беднарек (Саутгемптон, Англия), Бартош Берещински (Сампдория, Италия), Тиаго Ционек (Палермо, Италия), Камиль Глик (Монако, Франция), Марцин Каминьски (Штутгарт, Германия), Томаш Кенджера (Динамо, Украина), Лукаш Пищек (Боруссия Д, Германия);

жартылай қорғаушылар – Якуб Блащиковски (Боруссия Д, Германия), Ясек Горальски (Ягеллония), Камил Гросицки (Халл Сити, Англия), Карол Линетти (Сампдория, Италия), Мацей Рыбус (Локомотив, Ресей), Павел Вшолек (КПР, Англия), Петр Зьелински (Наполи, Италия);

шабуылшылар – Роберт Левандовски (Бавария, Германия), Аркадиуш Милик (Наполи, Италия), Лукаш Теодорчик (Андерлехт, Бельгия), Камил Вилцек (Брондбю, Дания).

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Польша – Қазақстан матчы қыркүйектің 4-інен 5-іне ауған түні Варшавадағы «Народовы» стадионында өтеді. Поляктар жаттығу жиынын 25 тамызда бастайды екен. 

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика