Вернуться к списку статей

Самат Смақовтың тамағы ісіп, ал Таңат Нөсербаевтың ескі жарақаты сыр берген

Футбол
1K
Кеше Қазақстан премьер-лигасының екінші айналымдағы соңғы турының кейінге шегерілген бір ойыны өтті. Ел чемпионы «Астана» өз алаңында Шымкенттен келген «Ордабасыны» қабылдады.

Бұл ойын тең жағдайда өткенімен, соңғы минуттарда «Астана» жеңісті жұлып алды. Қосалқы құрамның ойыншысы Асхат Тағыберген екінші таймның ортасында әріптесін алмастырып алаңға шыққан еді. Орталық жартылай қорғаушы өзінің жойқын соққысының арқасында елорда командасына жеңіс сыйлады.

Осы матчта қонақтар сапынан сары қағаздарының көптігіне байланысты Азат Нұрғалиев, бұрынғы командасына қарсы ойнамау туралы жеке келісімі бар Рохер Каньяс және Самат Смақов, Таңат Нөсербаев, сербиялық легионер Вуяклия қатыса алмады.

Кездесуден кейін «Ордабасы» бапкері Алексей Петрушин мұның себебін түсіндіріп кетті.

– Саматтың тамағы ісіп кеткен. Екі күн болды, қызуы көтеріліп жатыр. Ал Таңаттың ескі жарақаты сыр берді. Сондықтан үшінші айналымның дайындығына қатыса алмады. Жаттығуды тек бірнеше күн бұрын ғана бастады,  – дейді А. Петрушин.

Жанкүйерлер мен журналистер «Астана» бапкері Станимир Стойловтан команданың жаңа ойыншысы Марин Томасовты қашан көреміз деп үнемі сұрайды. Бір сұхбатында болгариялық маман «Томасовтың дебютін, жаңа жылдан артық күтіп жүрмін» деп еді. Бұл жолы Стойлов Марин 11 тамызда «Ақтөбеге» қарсы алаңға шығып қалуы мүмкін екенін айтты.

– Алда үшінші айналым бар. «Астана» екінші орындағы командадан 7 ұпайға озып кетті. Енді, елорда командасының чемпион болуына кім кедергі келтіре алады?

– Барлығы «Астананың» өз қолында. Команда еурокубокта ойнайды, сондықтан оңай емес. Қазіргі кезде футболда барлығы мүмкін екенін ойыншылар түсінуі керек. Әлемдегі үздік клубтардың көбісі, әрбір үш күн сайын бір ойын өткізеді. Мен осыған қатысты марқұм «Барселонаның» экс-бапкері Йохан Кройфқа сауал тастап едім. Ол маған футболшыларда үнемі жеңіске деген мотвация болу керектігін айты. Егер футболшы жеңіске жеткісі келсе, командаға қажет. Менің футболшыларым мұндай ритмде ойнай алатындарын дәлелдейді деп үміттенемін. Енді Шотландияға ұзақ сапар күтіп тұр. Сондықтан «Ақтөбемен» ойынды бір күнге ерте қоюуды сұрадық, – дейді Стойлов.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика