Вернуться к списку статей

Жанкүйерге зәру қазақ футболы

Футбол
1K
Жанкүйерге зәру қазақ футболы
Көрермендерге байланысты осы және өзге де статистикалық көрсеткіштер туралы бүгінгі мақаламызда.

Қазақстан Премьер-лигасының екі айналымы артта қалды. 22 турда барлығы 132 ойын өткен. Осы матчтардың барлығын стадионнан 474 040 көрермен тамашалаған. Яғни, яр кездесуге орташа есеппен 3591 адамнан. 

474 040 көрерменді әлемнің «Реал», «Барселона», «Манчестер Юнайтед» сияқты клубтары 5-6 ойында-ақ жинап алады. Ал біз 132 кездесуде осындай көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз. Әлбетте, біздің командаларды жоғарыда аталған алпауыттармен салыстыру әбестік шығар. Дегенмен, әр ойында 3591 көрермен дегеннің жоғары дивизион үшін тым аз екендігімен сіздер де келісетін боларсыздар.

Ең көп көрермен жинаған тур – 10 тур. Мамырдың 2-сі күні өткен «Астана» – «Қайрат» (14 500 көрермен) және «Ақтөбе» – «Тараз» (8 000) кездесулерінің арқасында Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының статистикалық көрсеткіші сәл де болса жақсарып қалды.

Алайда, келесі турда-ақ Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымдағы антирекорды жасалды. «Астана» да, «Қайрат» пен «Ақтөбе» де өз ойындарын түзде өткізіп, соның нәтижесінде 6 ойынды барлығы 14 500 ғана көрермен тамашалаған екен. Яғни, әр ойынды стадионнан орта есеппен 2 416 адамнан тамашалаған. Қайта, «Оқжетпестің» де сол турда түзде ойнағаны жақсы болған. Әйтпесе, турдың көрермендер статистикасы тағы 2-3 мыңға қысқарып қалуы ғажап емес еді.


«Оқжетпестің» көрермендеріне әлі қосымша тоқталармыз. Ал әзірге назарларыңызға екі айналымның көрермендер статистикасын ұсынамыз.

Премьер-лига 2017

Екі айналымның көрермендер статистикасы:

1-тур: 31 200 (әр матчта орта есеппен 5 200 көрерменнен);

2-тур: 28 500 (4 750)

3-тур: 15 100 (2 516)

4-тур: 28 000 (4 667)

5-тур: 12 290 (2 048)

6-тур: 15 300 (2 550)

7-тур: 30 400 (5 066)

9-тур: 19 650 (3 275)

10-тур: 32 000 (5 333)

11-тур: 14 500 (2 416)

12-тур: 29 500 (4 917)

13-тур: 20 200 (3 366)

14-тур: 28 200 (4 700)

16-тур: 21 750 (3 625)

17-тур: 17 300 (2 883)

18-тур: 18 800 (3 133)

19-тур: 30 500 (5 083)

20-тур: 30 150 (5 025)

21-тур: 26 300 (4 383)

22-тур: 24 400 (4 067).


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика