Вернуться к списку статей

Қайрат Боранбаев: Владимир Вайсстың кандидатурасын қарастыру жоспарымызда жоқ

Футбол
1K

«Қайрат» футбол клубы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында словакиялық маман Владимир Вайсспен келіссөз жүргізіп жатқандары жай ғана сыбыс екенін хабарлады. 

– Қазіргі кезде әр түрлі ақпарат құралдары, әлеуметтік желіде Владимир Вайсс «Қайрат» клубына қайтып келуі мүмкін екенін талқылап жатыр. Бірақ бұл шынайы ақпарат емес. «Қайрат» командасы Вайсстың кандидатурасын қайтып қарастырған емес. Бүгінгі таңда біз бас бапкер Карлос Алос Феррермен тығыз қарым-қатынаста бірігіп жұмыс істеп жатырмыз, – дейді Қайрат Боранбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше БАҚ өкілдері «Қайрат» бұрынғы бас бапкері Владимир Вайссты қайтаруы мүмкін екенін жазған болатын.

Словакиялық жаттықтырушы 2013 жылдың қаңтар айынан 2015 жылдың соңына дейін Алматы клубын баптады. Сол жылдары «Қайрат» екі рет Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ел чемпионатында екі рет күміс жүлдегер атанса, бір мәрте үшінші орын алды. Қазіргі кезде Грузия құрамасын жаттықтырады. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика