Вернуться к списку статей

«Атырау» мен «Оқжетпес» – Бөлешев 99-ыншы голын баспен соқты

Футбол
1K
«Атырау» – «Оқжетпес» – 2:1. Фото: okzhetpes.kz
Сәрсенбі күні кешкісін VІІІ турдың кейінге шегерілген ойыны өтіп, «Атырау» өз алаңында «Оқжетпесті» 2:1 есебімен ұтты.

Екі команда турнир кестесінде қатар орналасқан-ды. Ұпайлары да бірдей еді (18 ұпай). Яғни екеуі үшін де бұл өте маңызды матч болатын. Сондықтан «Атырау» да, «Оқжетпес» те бар күш-жігерлерін салды. Күн ыстықта екеуіне де оңай болған жоқ. Екеуінің де ардагерлері ерекеше көзге түсті.

Бірінші таймның басында Марат Хайруллин допты әуелете теуіп, есеп ашты. Тәжірибелі Стаменкович ышқына атылса да, доғаша иілген допқа жете алмай, жер құшты. Жалпы, бірінші таймда алаң иелері басымдық танытты. Қонақтарын тықсырып, қауіп бұлтын төндірумен болды.

Екінші таймда «Оқжетпес» алға қарай лап қойды. Бас бапкері де үш ойыншысын іркес-тіркес алмастырып, тактикалық өзгеріс енгізді. Алайда, голды тағы да «Атырау» соқты. Тағы Хайруллин көзге түсіп, допты Абдрахмановыңғайына салып берді. Қонақтардың қорғаушылары да қателесті, қақпашысы да кеш қимылдады.

Бірақ «Оқжетпес» тізгін тартпады. Әрі алаң иелері титықтап қалғандай болды. Өткен турдағы Алматыдағы тең түсу оңай болмаған. Көп күш-жігерлерін сарқ еткен. Қонақтар ойын аяғында бір гол соғып, есепті қысқартты. Бірақ одан әріге шама-шарықтары жетпеді.

Қызық болғанда, бұл голды доп ойынға бұрыштан қосылғанда, Әлібек Бөлешев баспен соқты. Бойы соншалықты биік емес (171 см) шабуылшы «Атыраудың» еңгерзедей футболшыларын қапы қалдырды. Әрі бұл – Бөлешевтің Қазақстан чемпионаттарындағы 99-ыншы голы. Енді біреу соқса, үш таңбалы санға жеткізеді... 

«Атырау» – «Оқжетпес» – 2:1 (1:0)

Голдар: Хайруллин, 12 (1:0). Абдрахманов, 77 (2:0). Бөлешев, 80 (2:1).

Ескертулер: Хорват, 35. Чичулин, 37. Гогуа, 37. Фрейдгеймас, 49. Адырбеков, 61. Лобжанидзе, 64. Юрин, 84. Максимович, 88.

«Атырау»: Пасеченко, Чичулин, Аблитаров, Обшивач, Абдрахманов, Нұрыбеков (Джокич, 55), Максимович, Қалмұратов, Хайруллин (к) (Сүлей, 78), Двалишвили, Сикимич (Тәжімбетов, 62).

Қосалқы құрам: Нарзикулов, Лобжанидзе, Саломов, Мәжитов, Коробов, Сергиенко.

«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Абдулин, Фрейдгеймас, Марочкин, Адырбеков, Волков (Юрин, 69), Хорват, Гошкодеря, Досмағамбетов, Гогуа (Бөлешев, 57), Огунжими (Шафф, 64).

Қосалқы құрам: Әбжанов, Козлов, Матвеев, Куксин, Дайыров, Кейлер.

Төрешілер: Чеховский, Алибек Аубакиров, Сергей Попов (все Астана).

26 шілде. Атырау, «Мұнайшы». 3000 көрермен.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика