Вернуться к списку статей

Пенальти емес буллит немесе Марко ван Бастеннің 10 ұсынысы

Футбол
2K
Марко ван Бастен
ФИФА-ның жаңа Техникалық директоры Марко ван Бастен футболға түбегейлі өзгерістер енгізуді ұсыныпты. Қазір шетелдік басылымдар әйгілі Нидерланды шабуылшысының ұсыныстарын қызу талқылап жатыр.
2016 жылғы 1 қазанда ФИФА-ға Техникалық директор болып бекітілген Марко ван Бастен sport bild басылымына берген сұхбатында футболға өзгерістер енгізетін уақыт жеткенін мәлімдепті. Бұл ретте, біз 1988 жылғы Еуропа чемпионының осы 10 ұсынысын тізіп шығуды жөн көрдік:

1) Пенальти емес буллит

Допты қақпадан 25 метр алыс жерге қойып, сегіз секундың ішінде алаңның кезкелген нүктесінен тебу. Футболшы сегіз секундта осынша қашықтықты доппен толықтай еңсеріп үлгермеуі де тиіс. Әрі қақпашыға тым жақын келу де тиімді емес. Допты қақпашы тойтарса болды, буллит тоқтатылады. Былайша айтқанда, хоккейдегі буллит сияқты.

Содан соң, овертайм ойнауды доғаруды ұсынады. Егер ойын тек аяқталса, ешқандай қосымша екі тайм (экстра-таймдар) өткізбей, бірден... буллит орындауға көшу...

2) Соңғы 10 минутта ойыншы алмастыруға тыйым салу

Жеңіп жатқан команданың уақыт созуына жол бермеуді ойлайды. Тіпті допты ойынға қосуға 10 секунд уақыт берілуі керек дейді. Футзал есіңе түседі екен.

3) Офсайдты құрту

9-10 ойыншының бекініс құрып алып, қорғануын ұнатпайтындай. Офсайд болмаса, ойын қызықтырақ өтеді деп ойлайтын секілді. Көгалдағы хоккейді мысалға келтіріп, офсайдты құртуды ұсыныпты. Егер бұл ұсыныс қабыл алынса, футбол гандбол матчтарындағыдай екі таңбалы есеппен аяқталаты шығар...

4) Алаңнан уақытша (5-10 минутқа) қуу

Қызғылт сары карточка. Ойын ережесін бұзған футболшы, уақытша алаңнан қуылуы керек. Жалпы, көптен айтылып жүрген ұсыныс. Есімізге тағы да хоккей түседі.

5) Бес фол – алаңнан қуу

Бір ойыншы бес рет ереже бұзса, алаңнан мүлде қуу керек. Тура баскетболдағы – ереже.

6) Үш ойыншыдан артық алмастыра беру

Ойыншы алмастыруға қойылатын шектеу тым аз екен... Әрине, 11 ойыншыны түгелдей алмастырайық деп отырған жоқ. Бірақ кемі 4-5 футболшыдан алмастырғанды ұсынады.

7) Ойынды тоқтатпай алмаса беру

Аула футболындағы – “ереже”. Бұл да ойын уақытын соза бермес үшін ұсынылған сияқты. Сонда төрешінің де қажет болмағаны ма?

8) Бір маусымдағы ойындар санын қысқарту

Басқа, басқа... Бірақ мұның бізге әзірше еш қатысы жоқ. Ол Еуропада футболшылар жылына 80 ойын өткізеді. Месси мен Криштиану Роналду көп ойнайды. Марко бір маусымдағы ойындар санын 55-60 матчқа қысқартуды ұсынады. Ал біздің футболшылар жылына әрі кетсе 40 шақты ойын өткізеді.

9) Төрешімен тек капитан ғана сөйлесе алады

Төрешіге тіл қатуға тек капитанның ғана құқы болғаны дұрыс. Қалған футболшылар оны қаумалап алмауы керек. Регбиді мысалға келтіріп, төрешімен тек қана капитан сөйлесуі керек депті.

10) 8 х 8 ойыншы, шағындау алаңда

Кәсіпқой футболшылар 11х11 ойнай беруі керек, ал жастар, жасөспірімдер және 45-тен асқан ардагерлер 8х8 ойыншыдан кішірек алаңда ойнауы керек. Олар сонда ойыннан ләззат алады. Үлкен алаңда шаршап, титықтап ақлмайды.  

P.S.:

Кейбір басылымдар Марко ван Бастен «ойынды екі таймға емес, төрт ширек бөлікке бөліп өткізу керек», – деп ұсынды деп жазыпты. Сонда бапкерлердің ойынға ықпал ететін мүмкіндігі көп болады деген екен. Бірақ біз бұл ұсынысты sport bild басылымынан көрмедік.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика