Бірінші айналымда «Ақжайық» пен «Қайсардың» жолдары сегізінші турда түйіскен. Оралда өткен матчта батысқазақстандықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бүгін Қызылордадағы аптап ыстықта мүлде есеп ашылған жоқ. Иә, «арландар» есе қайтара алмады.
Өткен турда «Таразбен» тең түскен, ал оған дейін бес рет ұтылған «Ақжайық» Қызылордадан бір ұпай олжалап қайтты. Әр тур сайын төмен сырғып бара жатқан Орал клубы бүгін алаң иелеріне дес берген жоқ. Тіпті тайталасып, қауіпті шабуылдар ұйымдастырып отырды.
Ал «Қайсардың» жағдайы мәз емес. ХІІІ турдан бері жеңіс дегеннің не екенін ұмытты. Соңғы төрт ойында үй демей, түз демей үш рет ұтылды. Бір ойында ғана тең түсті (түзде «Тобылмен»). Бүгін де екі ұпай жоғалтты. Алты тур болды, алтыншы орыннан тапжылмай тұр...
«Қайсар» – «Ақжайық» – 0:0
Ескертулер: Главина, 15. Әмірсейітов, 29. Говедарица, 33. Евстигнеев, 59.
«Қайсар»: Григоренко, Әмірсейітов, Ламанж, Граф, Евстигнеев, Нарзілдаев (Көкеев, 62), Камара, Курьор, Аржанов, Байжанов (к), Бойович (Алтынбеков, 62).
Қосалқы құрам: Исламқұлов, Горячий, Мулдаров, Чуреев, Омаров, Жақаев, Сақалбаев.
«Ақжайық»: Төлебаев, Главина (Ерсәлімов, 78), Сапанов (к), Одибе, Николич, Шмидт, Говедарица, Перцух, Заречный (Тапалов, 50), Дудченко, Изу Азука (Аренас, 90+5).
Қосалқы құрам: Котляр, Коронель, Антипов, Шабаев, Зұлпықаров, Аяғанов.
Төрешілер: Абданбаев (Тараз), Будниченко (Екібастұз), Гусев (Көкшетау).
1 шілде. Қызылорда. Ғ.Мұратбаев атындағы стадион (қосалқы алаң). 1500 көрермен.