Әзірше ерекше көзге түсіп отырған – «Оқжетпес». Көкше клубы құрамын едәуір күшейтті. Команда сапына былтыр «Ертістің» намысын қорғаған Литва құрамасының қорғаушысы Георгас Фрейдгеймас келді. Сондай-ақ «Ордабасы» клубының қосалқы құрамында отырып қалған тәжірибелі футболшылармен де толығып жатыр.
Әлібек Бөлешевтен кейін қорғаушы Ренат Абдулин келді. Гогита Гогуа да «Оқжетпес» клубының намысын қорғайтын сияқты. 2010-2011 жылдары Бельгия құрамасының сапында ойнаған, тамырында Нигерия қаны соққан Марвин Огунжими де Көкше клубымен келісімшатқа отырған секілді. Енді тек ресми түрде жариялануы қалғандай...
«Ордабасы» болса, негізінен клубы керек емес ойыншыларын жіберіп жатыр. Әлі де кететіндері бар сияқты. Бойы сырықтай (202 см) Беларусь қақпашысы Владимир Фомичёвпен келісімшартқа отырғанын бүгін ғана ресми түрде жариялады. Сондай-ақ «Атыраудан» Виталий Лиді алыпты. Орталық қорғаушысы Пабло Фонтанеллоның келісімшартын үш жылға ұзартыпты.
«Тобылдан» да кетіп жатқандар көп. «Астанадан» жалға алған ойыншыларынан бөлек, бірнеше тәжірибелі футболшысы (Шимкович, Главина...) Қостанаймен қоштасты. Грузин Квеквескириден басқа кімді команда құрамына алғаны әлі белгісіз.
Әр түрлі себертермен «Ақтөбе» мен «Ақжайықтан» та кетіп жатқандар көп. «Атырау» да қажет емес ойыншыларының бағын байламауды жөн көргендей. «Шахтер» соңғы күндері – “үнсіз”. «Қайрат» пен «Тараз» мүлде “қозғалар” емес. Әйтеуір, тым-тырыс.
«Астананың» маусым басында «Тобылға» жалға берген екі футболшысы, атап айтқанда Асхат Тағыберген мен Джордже Деспотович кері қайтатын болыпты. 1 шілдеден бастап екеуінің қайтадан ел чемпионы сапында ойнайтындықтыры жалпақ жұртқа жария етілді.
Енді бүгінге дейінгі ауыс-түйістерді төмендегі кестеден қарап шығуларыңызға болады. Қарамен жазылғандары – ресми түрде жарияланған, еңбек келісіміне қол қойылған ауысымдар. Ал қалғандары – жүзеге асуы мүмкін трансферлер.