Бауыржан Омаров – қорғаушы, Орал футболының түлегі. Жасы – 26-да. Бұған дейін батысқазақстандық «Жастар» және «Ақжайық» клубтары сапында ойнаған. Аз уақыт «Тобылдың» сапында да доп тепкен.
Қазақстан премьер-лигасында 94 ойын өткізіп, бір гол соққан. Бауыржан биыл «Ақжайық» сапында жеті ойын өткізді. Тамыз айында 27-ге толатын қорғаушы Қызылорда клубында Алдан Балтаевтың орнын басуы керек.
Милан Бойович – орталық шабуылшы. Қызылордаға Сербия суперлигасынан келіп отыр. 2016/2017 жылдар маусымында «Младость Лучани» клубы сапында ойнап, 26 ойында 16 гол соққан. Пенальти тебуге шебер. Сәуір айында 30-ға толды.
Сербиядағы «Раднички Стобекс», «Срем», «Телеоптик», «Чукарички», «Ягодина», «Войводина» командалары сапында өнер көрсетіп, 2013-2016 жылдары Грекияның «Панетоликос» және «Ларисса», содан кейін Израильдің «Бней-Сахнин» клубтары сапында ойнаған.