Вернуться к списку статей

Керек емес легионерлер кетіп жатыр...

Футбол
1K
Бізде орталық қорғаушылар көп емес... Евгений Ткачук неге қажет болмай қалды? Фото: fcirtysh.kz
Қазақстан чемпионатында жазғы трансфер кезеңі ашылмай жатып, бірнеше клубтарымыз керек емес легионерлерін кері қайтарып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2017 жылғы жазғы трансфер кезеңі 13 маусымда ашылып, 10 шілде күні жабылады. Әйтсе де, жаз басталғалы бері бірнеше клубтарымыз әртүрлі себептермен кейбір легионерлерімен арадағы келісімшарты бұзып, елдеріне қайтарып жатыр.

Жазғы трансфер кезеңінде өз клубтарынан кететін легионерлер аз болмауы керек. Өйткені сенім үдесінен шыға алмай жүрген, қосалқы құрам орындығында “отырып” қалған шетелдік футболшылар – бірсыпыра.

Әзірше «Ертістің» тасқамал орталық қорғаушыларының бірі Евгений Ткачукпен арадағы келісімшартын бұзғаны түсініксіздеу болып тұр. Негізі, жаман қорғаушы емес сияқты еді. Әрі үш аптадан кейін ғана 26-ға толады. Павлодар клубының оның орнына дайындап отырған басқа қорғаушысы бар ма, әлде басқадай себептері болды ма, белгісіз. Нақты себебі ашық айтылған жоқ...

Жалпы, бүгінге дейін кетіп жатқандардың дені – легионерлер. Бірақ ресми түрде біздің елдің бір қақпашысы да өз клубынан кетіп қалды. Ол – Антон Цирин. Өйткені «Қайсар» негізінен Марсель Исламқұлов пен Александр Григоренкоға сенім артып, Циринге мүмкіндік берілмей келді.


Сондай-ақ, жарақаттарына байланысты қатардан шығып қалғандар да жоқ емес. Біз маусым айының басынан бері ресми түрде жарияланған, біраз уақыт алаңға шыға алмайтын ойыншылар тізімін де ұсынып отырмыз.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика