Вернуться к списку статей

“Ордабасы” “Таразды” ойсырата ұтып, есесін қайтарды

Футбол
1K
«Ордабасы» – «Тараз» – 3:0. Фото: fcordabasy.kz
«Ордабасы» өз алаңында «Таразды» қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті. Әрі бесінші турда жіберген есесін қайтарды.

Бесінші турда «Ордабасы» түзде «Тараздан» 1:2 есебімен ұтылып қалған. Ал-өткен турда «Ертіске» есе жіберіп алған. Сондықтан бұл ойында бірден алға қарай лап қойды. Әрі 13 минуттың ішінде екі гол соққты. Екеуін де алаң иелері баспен соқты. Қонақтардың еңгерзейдей қорғаушылары қапы қалды...

Бірінші гол ойынның 5-минутында соғылса, үшіншісі матчтың аяқталуына бес минуттай уақыт қалғанда соғылды. Бірақ сол үшінші голға дейін «Ордабасы» клубының ойыншылары бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп қойды. Әйтсе де, ірі есеппен жеңіске жетті.

Өткен турда «Тобылды» жеңген «Тараз» бұл ойында өрнекті ойын үлгісін көрсете алмады. Әрі капитаны да алаңға шыққан жоқ. Мамыр айындағы тығыз күнтізбе Ваит Талгаевтың командасына оңай тимеген сияқты. Бәлкім, енді біраз тынығып алып, қайтадан қарқындарын үдете түсер...  

«Ордабасы» – «Тараз» – 3:0 (2:0)

Голдар: Тұңғышбаев, 5 (1:0). Нұрғалиев, 13 (2:0). Гогуа, 86 (3:0).

Ескертулер: Қожамберді, 35. Шадманов, 56.

«Ордабасы»: Бекбаев, Төлебек, Фонтанелло, Ерланов, Смақов, Диакате, Ковальчук (Йорданов, 90+1), Бочаров (Жұмаханов, 88), Тұңғышбаев (Гогуа, 80), Нұрғалиев (к), Нөсербаев.

Қосалқы құрам: Нұрмұхаметов, Абдулин, Адырбеков, Әшірбеков, Бейсенов, Қожабаев

«Тараз»: Бабаханов, Әмірханов (к), Шипицин, Миюшкович, Зайнутдинов (Азовский 53), Диара, Горбанец, Шадманов (Эргашев, 60), Таубай, Қожамберді (Сейідахмет, 79), Морис.

Қосалқы құрам: Логиновский, Фещук, Мухаметшин, Молтусинов, Нұралы.

Төрешілер: Құмашев, Әубәкіров (екеуі де – Астана), Қошқаров (Алматы)

03 маусым. Шымкент, «Намыс» стадионы. 3000 көрермен


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика