Қатты желдің кесірінен екі команда да өрнекті ойын үлгісін көрсете алмады. Тіпті айып соққысын орындаудың өзі мұң болды. Футболшылар допты жасыл желек үстіне қалай қойса да, ол орнында тұрмайды. Жел ұшырып әкетеді... Басқа бір ойыншы аяғымен басып тұрып, амалдауға тура келді.
Желге қарсы ойнаған команданың қақпашылары да допты ойынға қосарда, қара терге түсті. Міне, ауа-райының осындай қолайсыз жағдайында өткен ойында гол соғу мүмкін болмады. Есеп ашылған жоқ. Екі командаға да қауіпті шабуыл ұйымдастыру қиынға соқты.
Әйтсе де, «Тобылдың» бір-екі тамаша мүмкіндігі болды. Бірақ алаң иелерінің сұрмергені өз мүмкіндіктерін мүлт жіберіп қойды. Жалпы, мұндай ойында деңгейі жоғары команда айласын асырса керек еді. Алайда Қостанай клубы бұл тұрғыда да қонақтарынан асып түсе алмады.
Сөз жоқ, «Тобыл» екі ұпай жоғалтты. Бірақ «Қайсардың» бас бапкері де бір ұпайды қанағат тұтпайтындығын білдірді. Ауа-райының қолайсыздығын пайдаланып, азулы қарсыласын қапы қалдырып кете алмағандарына өкінетін сияқты...
«Тобыл» – «Қайсар» – 0:0
Ескертулер: Нтибазонкиза, 12. Жақаев, 29. Жарынбетов, 45+1. Жақыпов, 54. Граф, 60.
«Тобыл»: Непогодов, Жақыпов, Дмитренко, Кассай, Жарынбетов, Жулпа, Мухутдинов (к), Савич, Джалилов, Деспотович, Щеткин.
Қосалқы құрам: Павлов, Главина, Шұбаев, Эльмурзаев, Жаңғылышбай.
«Қайсар»: Григоренко, Жақаев, Граф, Ламанж, Евстигнеев, Коробкин, Камара, Аржанов (Мулдаров, 90+5), Курьор (Алтынбеков, 88), Байжанов (к), Нтибазонкиза.
Қосалқы құрам: Исламқұлов, Горячий, Көкеев, Нарзілдаев, Сақалбаев, Рүстемов.
Төрешілер: Алиев, Павлов, Жаспенов (бәрі де –Алматы)
03 маусым. Затобол ауылы, «Затоболец» стадионы. 2000 көрермен.