Вернуться к списку статей

Саулюс Ширмялис – “Шахтердің” жаңа бапкері

Футбол
1K
Бүгін «Шахтер» футбол клубы Литва маманы Саулюс Ширмялиспен келісімшартқа отырып, бас бапкерлік “тізгінін” қолына ұстатты.

Бұл ақпаратты «Шахтер» футбол клубының ресми сайты таратты. 61 жастағы Литва маманы Қазақ елі жанкүйерлеріне таңсық емес. Ол 2012 жылы «Ақжайық» (Орал), 2014 жылы «Ордабасы «Шымкент» клубтарында бас бапкер болып, 2013-2015 жылдары Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырған.

Жалпы, Саулюс Ширмялис «Венибе», «Панерис», «Жальгирис», «Каунас», «Экранас», «Шауляй» (бәрі де – Литва), «Вентспилс», «Елагава» (Латвия), «Атлантис» (Финляндия) және «Татран» (Сербия) клубтарында бас жаттықтырушы болған. Сондай-ақ Литва жастар құрамасын жаттықтырып, осы елдің ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі болған.

Бір қызығы, «Шахтердің» ертеңгі «Қайратпен» өтетін ойынында бас бапкер міндетін Андрей Финонченко атқарады екен де, Саулюс Ширмялис содан кейін ғана өз қызметіне кірісетін көрінеді. Оның жаңа қызметтегі алғашқы ойыны 17 маусым күні Қарағандыда «Атыраумен» өтетін ойын болады.

Айтпақшы, кеше кеншілер клубы орталық қорғаушысы Никола Василевичпен арадағы келісімшартын үзіп, босниялық қорғаушысымен қош айтысты. Әрі алғыс білдіріп, «Шахтердің» жейдесінде өткізген 137 ойыны үшін жүрекжарды тілектерін жаудырды...

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика