Вернуться к списку статей

Испания маманы жеткіншектерімізді Талғарға жинады

Футбол
2K
Қазақстан U17 құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады. Фото: kff.kz
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғардағы ұлттық құраманың базасында оқу-жаттығу жиынын бастады, – деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Жақында ғана Қазақстан U17 құрамасының тізгінін қолына алған Испания маманы Карлош Алош Ферер жеткіншектерімізді Талғарға жинапты. Жақынырақ танысып, деңгейлерін бағамдап, әлеуеттерін біліп алайын деген болар. Жаттығу жиыны 19 қаңтарға дейін созылады екен.

Жаттығу жиыны аясында жолдастық кездесулер өткізу де қарастырылған көрінеді. Карлош Алош Ферердің шәкірттері әуелі «Қайрат» футбол клубының 2000-2001 жылғы өрендермен жасақталған құрамымен кездесіпті. Матч 1:1 есебімен тең аяқталған. ойнады. Қазақстан U17 құрамасы сапынан жалқы голды Абылайхан Жұмабек соғыпты. 

Жалпы, Қазақстан U17 құрамасының биылғы жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі төмендегідей:

қақпашылар – Дулат Батырханов, Сергей Кляхин;

қорғаушылар – Рауан Аманжол, Асанәлі Мырзабек, Ерлан Қайратов, Жалғас Жақсылықов, Талғат Талапұлы, Нұрсейіт Асылбек;

жартылай қорғаушылар – Ұлықбек Қайтмұратов, Хамит Шәміл, Бекзат Иманғазиев, Амал Сейітов, Шадман Бәкіров, Жавланбек Бабаназаров, Руслан Джарлаев, Илья Дёмин, Фёдор Неумывaкин;

шабуылшылар – Абылайхан Жұмабек, Нұрасыл Ершуақ, Даниял Закария. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика