Вернуться к списку статей

“Ақтөбенің” үйдегі алғашқы жеңісі – “Атырау” тағы да пенальтиден жапа шекті

Футбол
1K
«Ақтөбе» – «Атырау» – 1:0. Фото: fc-aktobe.kz
Бүгін Қазақстан премьер-лигасында VІІ турдың кейінге шегерілген ойыны өтіп, «Ақтөбе» өз алаңында «Атырауды» жеңді.

Ақтөбенің «Орталық» стадионында өткен ойын шиеленісті өткенімен, қауіпті сәттер өте аз болды. Екі команда алма-кезек шабуылдап, айылдарын жиған жоқ. Бірақ қақпаға тура бағытталған соққылар тым аз болды.

Әрине, екі команданың да қорғаушылары аянған жоқ. Десек те, алаң иелерінің де, қонақтардың да сапында қарсыластарын қапы қалдырып, қорғаныстарын “кесіп”өтетін пас берер ойыншы болмады... Алыстан бағытталған пәрменді соққылар да жоққа тін..

Әлбетте, мұндай ойындарда матч тағдырын тек стандартты жағдайлар шешеді. Ақтөбеде де солай болды. Алаң иелері доп ойынға бұрыштан қосу мүмкіндігіне ие болды. Әуелеп ұшқан допқа қақпаның оң бұрышынан Рафкат Аслан секірген. Сол сәтте оны атыраулықтардың қорғаушысы, атап айтқанда, Юре Обшивач тартып (әлде шалып) құлатқандай болды.

Төреші 11-метрлік айып соққысы нүктесін нұсқады. Пенальтиді Иуре Альмейда орындады. Қақпаның оқ жақ бұрышын көздеген. Жолы болып, тепкен добы қақпа бағанасына тиіп, қақпаға кіріп кетті. Гол. «Ақтөбе» ойынның аяғында алға шықты.

Әрине, «Атырау» бұдан кейін есепті теңестіруге тырысты. Бірақ гол соқпақ түгілі, «Ақтөбені» өз қақпасына қара тықсырып тастаудың да ыңғайын келтіре алмай қойды. Ал алаң иелері уақытты созуға тырысып, жеңісті есепті уыстарынан шығарған жоқ.

«Ақтөбе» – «Атырау» – 1:0

Гол: Альмейда, 80-пенальтиден.

Ескертулер: Байтана, 7. Шестаков, 72. Альмейда, 80 – Обшивач, 79. Лобжанидзе, 85. Маров, 90+1.

«Ақтөбе»: Сидельников (к), Кәкімов, Жұмағали, Воловик, Қайыров, Ермаченко (Тотай, 46), Барбоса (Аслан, 67), Шестаков, Диас Морейра, Байтана, Альмейда (Айтбаев, 86).

Қосалқы құрам: Отарбаев, Дәуітов, Әбдукәрімов, Зенькович.

«Атырау»: Пасеченко, Мәжитов, Лобжанидзе, Обшивач, Қалмұратов, Джокич, Максимович, Маров, Саломов, (Қайыраллиев, 46; Сүлей, 81), Хайруллин (к), Ли (Двалишвили, 57).

Қосалқы құрам: Қалменов, Сапаров, Коробов, Родич, Нұрыбеков, Халелов.

Төрешілер: Исқақов (Астана), Орынбаев «Шымкент), Гусев (Көкшетау)

17 мамыр. Ақтөбе, «Орталық» стадион. 5 500 көрермен



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика