Вернуться к списку статей

Тимур Сегізбаев – 76 жаста!

Футбол
1K
Тимур Сегізбаев – 76 жаста! Фото – Э.Гавриш
Бүгін “қазақ футболының атасы” атанған Тимур Сегізбаев ағамыз 76-ға толды.

Тимур Сегізбаев 1941 жылы 12 мамырда туған. КСРО спорт шебері. Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. ҚР еңбек сіңірген қайраткері. «Отан» орденімен марапатлаған. Қазақ футболының жарық жұлдызы, қайталанбас көрнекті тұлғасы.

Тимур Сегізбаев – қазақтың да теңбіл допты ұршықша үйіріп, доп тебе алатындығын дәлелдеген талантты тұлғаларымыздың бірі. «Қазақ футболы» дегенде, бірден көз алдымызға Тимур Сегізбаев, одан кейін Құралбек Ордабаев және Сейілдә Байшақов ағаларымыз келеді. «Қазақ бұрын да доп тепкен» деп Мұхтар Әуезовті де айтамыз...

Тимур Сегізбаев – жалпы халықтың және футбол жанкүйерлерінің ерекше сүйіспеншілігіне бөленген жан. Қазақ футболының – алғашқы асылы. Тимур аға туралы талай аңыз айтылып, талай дастан жазылған. Тіпті жанкүйерлердің көбісі балаларының атын Тимур деп қойған.

Біз оқырмандарымыз бен қазақ жанкүйерлері атынан Тимур ағаға зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. «Ауырмаңыз, жасыңыз ұзақ болсын, бейнетіңіздің зейнетін, еңбегіңіздің жемісін көріңіз» демекпіз. Аяқдобымыздың ақсақалы туған күніңіз құтты болсын!

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика