Вернуться к списку статей

Жазғы трансфер кезеңі бекітілді

Футбол
1K
Сен сенімді ақтап жүрсің бе?.. Фото: fc-aktobe.kz
Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті кезекті отырысында жазғы трансфер кезеңін бекітті.

Кеше Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті өзінің кезекті отырысында 2017 жылғы маусымдағы екінші трансферлік тіркеу кезеңінің мерзімін бекітті.

Жазғы трансфер кезеңі 2017 жылдың 13 маусымында ашылып, 10 шілде күні жабылады.

Қазақстан премьер-лигасында жазғы трансфер кезеңін тосып жүрген командалар аз емес. Өйткені әр түрлі себептермен көктемде кейбір клубтар құрамдарын асығыс жасақтады. Ал қайсыбір клубтардың легионерлері сенім үдесінен шыға алмай жүр...

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика