Вернуться к списку статей

Қазақстан мен Дания матчына билет бағасы – 15 мың теңгеден төмен

Футбол
2K
Қазақстан – Дания матчы Алматыда өтеді. Фото: dbu.dk
2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан – Дания матчы 10 маусым күні Алматыда өтеді.

Осыдан бірер күн бұрын Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты Дания құрамасымен өтетін келесі ресми кездесуіміздің Алматыда өтетіндігін мәлімдеген. Ал кеше кешкісін осы матчтың билеттері бағасын жариялады.

Сонымен, 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан және Дания құрамалары арасындағы матч 2017 жылдың 10 маусымында Алматы қаласындағы Орталық стадионында өтеді. Бұл стадионға 24 мыңдай көрермен сыяды.

Ал Қазақстан – Дания матчының билеттері 1 000 теңгеден басталып, 15 000 теңгеге жетіп жығылады. Ең қымбат билет «Батыс» трибунадағы VIP-орындар екен. Билеттер бағасы төмендегі кестеде көрсетілген.

«Билеттерді ticketon.kz, zakazbiletov.kz, kff.kz сайттарынан онлайн жүйесінде, сонымен қатар, Алматы қаласының “Орталық” стадионы кассаларынан сатып алуға болады» деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл матч – Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы өз алаңында өткізетін үшінші ойыны. Алғашқы екі ойынды Астанада өткізіп, Польшамен 2:2 есебімен, ал Румыниямен 0:0 есебімен тең түскен болатын.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика