Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты осы лиганың Жалпы жиналысында бірнеше маңызды шнешімдер қабылданғандығын жариялады:
- 2017 жылғы жазғы трансфер (ойыншылар тіркеу) кезеңінің мерзімі бекітілген – 13 маусымнан 10 шілдеге дейін;
- футбол алаңдарының сапасын тексеретін комиссия құрамы өзгертілген;
- Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетіне премьер-лига клубтары құрылымында міндетті түрде әйелдер футболы және футзал командалары болуы керек деген міндетті шешімді жою (өзгерту) туралы ұсыныс енгізілген;
Қазақстанда әйелдер футболы мен футзалды дамыту жөнінде 2017-2022 жылдар кезеңіне құжаттар дайындау.