Вернуться к списку статей

“Ақжайық” өз алаңында ұтылмайды – “Тобыл” гол соғудан қалып барады

Футбол
1K
«Ақжайық – «Тобыл» – 1:0. Фото: fc-akzhayik.kz
«Ақжайық» өз алаңында «Тобылды» тізе бүктіріп, алтыншы орынға көтерілді. «Тобыл» екінші рет қатарынан гол соға алмады.

«Тобылдың» бірнеше ойыншысы алаңға шыға алмады. Тағыберген, Шимкович, Савич және Мирошниченко жарақаттанып қалған. Ал Щеткин Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен үш ойынға аластатылған.

Осы аталған ойыншылар өатардан шығып қалғалы Қостанай клубының ойыны жүрер емес. Тіпті соңғы екі турда гол соғудың өзі мұң болып тұр. Қорғанысы нашар деп айта алмаймыз. Екі ойында бір ғана гол жіберді. Ал шабуылы...  

Өткен турда Алматыда ойсырай ұтылған «Ақжайық» бұл жолы «Тобылды» тобықтан шалып, үш ұпай олжалады. Ең бастысы, бас бапкері Вахид Масудов тактикалық тұрғыда сауаттылық танытып жүр. Осы ойында алаңға тыңнан қосқан ойыншысы гол соқты.

Жалпы, «Ақжайық» өз алаңында әлі ұтылған емес. Бес ойын өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Ал екі ойында тең түсті. Оралда «Шахтерді», «Қайсарды» және «Тобылды» тізе бүктірді.

«Ақжайық – «Тобыл» – 1:0 (0:0)

Гол: Сергиенко, 76.

Ескертулер: Омаров, 24 – Жақыпов, 29. Сартаков, 75. Дмитренко, 90+1.

«Ақжайық: Төлебаев, Ерсәлімов (Сергиенко, 68), Одибе, Николич, Омаров (к), Ортиз, Шабаев, Рубио, Изу (Валиуллин, 90+2), Аренас Дельгадо (Тапалов, 88), Перцух.

Қосалқы құрам: Котляр, Антипов, Чулагов, Шмидт, Заречный, Макаев

«Тобыл»: Непогодов, Жақыпов, Кассай, Малый, Дмитренко, Сартаков, Жулпа, Мухутдинов (к), Джалилов, Жаңғылышбай (Молдақараев, 56), Деспотович (Эльмурзаев, 82).

Қосалқы құрам: Бұсырманов, Шубаев, Жарынбетов

Төрешілер: Абдуллаев (Каратау), Полуэктов (Тараз), Жаспенов (Алматы)

02 мамыр. Орал. «Ақжайық» стадионы. 2 000 көрермен


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика