Вернуться к списку статей

2017 жылғы ойындар күнтізбесін кеңесіп құру қола алынды

Футбол
1K
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде осы ұйымның басшылары премьер-лига клубтарының өкілдерімен онлайн-жиын өткізіп, біраз мәселелерді талқылаған.

Кәсіпқой футбол лигасы ресми сайтының мәлімдеуінше, алдағы маусымның күнтізбесін құру алғаш рет интерактивті үлгіде өткізілген. Онда КФЛ атқамінерлері премьер-лига клубтары өкілдерінің (басшыларының) ойындар күнтізбесіне байланысты пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, есепке алған. Әрі бірлесе отырып талқылаған.

Аталған жиын барысында 2017 жылғы ойындар күнтізбесінің бірнеше үлгілері ұсынылған. Бұл мәселе тағы да талқыланып, көпшілікке ұнаған біреуі бекітіліп, жақын арада жарияланады екен.

Еурокубок додаларында еліміздің намысын қорғайтын «Астана», «Қайрат», «Ертіс» және «Ордабасы» клубтары үшін алдағы маусымның бірінші жартысында қосымша күндер қарастырылған. Олар Еурокубоктық ойындар өтетін жаз-күз айларында команда ойыншыларына түсетін жүктеміні жеңілдету мақсатында есепке алынған.

Ал Қазақстан кубогының финалын облыс орталықтарының бірінде өткізу жайлы ұсыныс онлайн-жиынға қатысушы көпшілік тарапынан қолдау тапқандай. Тек ниет білдіруші аймақ (облыс) болса, қарсылық білдірушілер жоқ сияқты.

Ең бастысы, ел кубогының финалдық ойыны жылдағыдай маусым соңында емес, ел чемпионаты аяқталмай жатып өткізілетін болыпты. Бұл шешім кубок мәртебесін арттыру және доп додасы көрігін қыздыра түсу мақсатында қабылданған.

Сондай-ақ аталған жиын барысында Қазақстан футбол федерациясының Құрама командалар департаментінің басшысы Ғани Қайназаровтың 26 наурыз күні Армения футболшыларымен өтетін ойынға тыңғылықты дайындалу мақсатында жасаған ұсыныстары да тыңдалған.

Ал 2017 жылғы ойындар күнтізбе жайлы мәселелер мен ұсыныстарды еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы тағы да жан-жақты қарастырып, “елеп-екшеп”, жақын арада шешім қабылдап, соңғы нұсқасын жариялайтындарын мәлімдеген.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика