Өзінің туып-өскен өңіріндегі футбол клубына төртінші рет оралып, бас бапкерлік тізгінді қолына алған Ваит Талғаев өзіне үш көмекші таңдап алыпты. Олар – Тараз топырағының тарланбоздары Ерлан Елеусінов, Азамат Ниязымбетов және Нұрмат Мырзабаев.
1996 жылы Талгаев «Таразбен» Қазақстан чемпионы болғанда, жоғарыда аталған үшеуі де сол жеңімпаз команданың сапында ойнаған. Кеше тараздықтар жаңа бапкерлер құрамымен алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Команда сапында – негізінен жергілікті жастар.
Айтпақшы, кеше Ваит Талгаевқа Жамбыл облысы және Қазақстан футболын дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Алғыс хатпен және аталған медалмен марапаттаушы – Қазақстан футбол федерациясы.
Әйгілі бапкерді футболшылар алдында, Тараздағы «Жастар» стадионында салтанатты түрде марапаттағандар – «Тараз» футбол клубының Президенті Махамбет Дүйсембаев пен облыстық футбол федерациясының Атқарушы директоры Елтай Әбдірахманов.