Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі турнирдің алғашқы ойындары бүгін өтіп, ашылу салтанаты осыдан бірер минут бұрын аяқталды Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан U-19 құрамасы Нева жағалауына кеше аттанып кеткен-ді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы аталған додаға 2 қаңтардан бастап, Талғардағы ұлттық құрама базасында дайындалды. Оған дейін желтоқсанның аяғында бір апта жаттығып, Алматы қаласындағы командалармен төрт жолдастық кездесу өткізген болатын.
Қазақстан U-19 құрамасы ХХІХ Гранаткин мемориалында «С» тобына түскен. Қарсыластары – Словакия, Литва, Әзірбайжан жеткіншектері. А.Кузнецовтің шәкірттері алғашқы ойынындарын ертең алыс шет елден келген құрдастарымен өткізеді. Жалпы, біздің бозбалаларымыздың ойындар күнтізбесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.
Ал Санкт-Петербургке аттанған құрама сапы төмендегідей:
қақпашылар – Данил Устименко ("Қайрат"), Владислав Сазонов ("Ертіс");
қорғаушылар – Дінмұхамед Қашкен ("Астана"), Талғат Кұсяпов ("Астана"), Санжар Әйтім ("Астана"), Ерасыл Аманжолов ("Атырау"), Айбар Нұрдалиев ("Қайрат"), Сағадат Тұрсынбай ("Ордабасы"), Санжар Батырханов ("Жетісу"), Данил Кузнецов ("Ертіс");
жартылай қорғаушылар – Жасұлан Қайыркенов ("Астана"), Дарын Сүйінов ("Қайрат"), Батыр Құдайбердінов ("Ертіс"), Айдос Орал ("Шахтер"), Мұхит Жақсылық ("Ордабасы"), Жанәлі Пайруз ("Шахтер"), Әліби Тұзақбаев ("ЦСКА"), Гаврил Кан ("Тараз"), Андрей Ульшин ("Қайрат"), Александр Усачев ("Ақтөбе");
шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет ("Монтажник"), Сұлтан Астанов ("Қайрат"), Мәрлен Айманов ("Қайрат"), Лев Скворцов ("Астана"), Павел Баркунов ("Ертіс").
Бірінші күнгі ойындар нәтижесі:
«А» тобы
Тәжікстан – Грекия – 1:0
Болгария – Эстония – 0:0
«В» тобы
Латвия – Беларусь – 2:2
Ресей – Үндістан – 8:0