Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі, халықаралық Гранаткин турнирі 7-22 қаңтар аралығында Санкт-Петербург қаласында өтеді. Оған 1999 жылы және одан кейін туған бозбалалардан жасақталған 16 құрама қатысады. Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстан құрамасы «С» тобына түскен.
«А» тобы: Тәжікстан, Грекия, Болгария, Эстония.
«В» тобы: Латвия, Беларусь, Ресей, Үндістан.
«С» тобы: Литва, Әзірбайжан, Словакия, Қазақстан.
«D» тобы: Молдова, Словения, Санкт-Петербург, Иран.
Бүгін Қазақстан U-19 құрамасы Талғардағы ұлттық құрама базасына жиналып, екінші оқу-жаттығу жиынын бастайды. Алғашқы жаттығу жұмыстары желтоқсан айының үшінші бөлігінде өткен болатын.
Енді Қазақстан U-19 құрамасының халықаралық Гранаткин мемориалындағы ойындар күнтізбесімен таныс болыңыздар:
09.01.2017: Қазақстан – Словакия
11.01.2017: Қазақстан – Әзірбайжан
13.01.2017: Қазақстан – Литва
14-21 қаңтар: жартылай және ширек финалдық ойындар мен финалдық матчтар