Вернуться к списку статей

Қазақстан кубогы – Ширек финалда кездесетін командалар

Футбол
1K
1/8-финалынан көрініс. «Ақжайық» – «Ақтөбе» – 0:0 (қосымша уақыт – 0:0, пенальти – 4:5). Фото: fc-aktobe.kz
Бүгін Қазақстан кубогының 1/4 финалдық кезеңінің жеребесі тартылып, сегіз команда төрт жұп құрады.

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасында ел кубогы додасының жеребесі тартылып, ширек финалда кездесетін командалар жұбы анықталды:

«Жетісу» – «Ордабасы»

«Қайрат» – «Ертіс»

«Атырау» – «Ақтөбе»

«Оқжетпес» – «Шахтер»

Ширек финалдағы ойындар 10 мамыр күні өтеді. Әрі жеңімпаз бір-ақ ойында анықталады. Әр жұптағы ойын бірінші жазылған команданың алаңында өтеді.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика