Вернуться к списку статей

Вахид Масудов: Дайындыққа бөлінген уақыт аз болып қалды

Футбол
1K
Фото: ҚФФ ресми сайтынан
Шындап келгенде жас футболшылар өз клубтарында ойнамайды да. «Лимиттік ереженің» алынып тасталуы бізге қиындық туғызып отыр.

Босния және Герцеговиналық құрдастарымен болған ойыннан кейін Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Вахид Масудов дайындықтың аз болып қалғанын алға тартты.

– Ойын көңілімізден аса шықпады. Ойдағының барлығын жүзеге асыра алмадық. Алайда, жігіттер аянып қалмады. Керек жерде мінез көрсете білді. Дайындықтың аздығынан болар, бүгін жеңіске жете алмадық. Дегенмен, жігіттерге реніш жоқ, жасыл алаңда барын салды.

– 60 минуттан кейін-ақ футболшылардың шаршағандықтары біліне бастады. Жалпы, команданың функционалдық жағдайын қалай түсіндіресіз?

– Келісемін. Оны өзіміз де байқадық. Өкінішке қарай, жігіттер шарап қалды. Оның өз себебі де бар шығар. Шындап келгенде олар өз клубында тіпті ойнамайды десем де болады. «Лимиттік ереженің» алынып тасталуы бізге қиындық туғызып отыр. Өздерін жетілдіру үшін жаттығу алаңында көбірек жұмыс жасау керектігін және физикалық дайындыққа басымдық беру қажеттігін айттым.

– Қалай ойлайсыз, ойын нәтижесі бойынша, біз бір ұпай ұттық па, әлде екеуін жоғалттық?

– Екі ұпайдан айрылдық деген дұрыс шығар. Өйткені, мақсатымыз жеңу болатын. Алайда, дайындыққа өте аз уақыт бөлінді. Сондықтан, бір аптаның ішінде шабуылшы дайындаудан гөрі қорғанысты күшейткен дұрыс еді. Дегенмен, прогресс бар. Алға қарай ұмтылудамыз. Ең бастысы, кемшіліктерімізді көрдік. Енді қателіктермен жұмыс  жасау керек.

– Біздің футболшылардың қарсылас команда ойыншыларының арандатушылығына беріле салғаны жайлы не айтасыз?

– Жігіттерге өзім де ескерткен болатынмын. Әлбетте, әркім өзін көрсеткісі келіп тұрады ғой. Георгий Макаевты негізінде ойындағы дауды басуға икемі бар деп шығарып едік, алайда керісінше болып шықты.

– Максим Федин де ойынға дайын емес болып шықты...

– Иә, Федин бүгін өзін толық қырынан көрсете алған жоқ. Алайда ол жігітте мінез бар, қайсарлығы жетерлік. Бүгін толық әлеуетін көрсете алмаса да мені жақсы жағынан таң қалдырды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін футболшы.

Автор: Балнұр Әйтенова
Яндекс.Метрика