Вернуться к списку статей

Масудов алғашқы сынағында сенім артар таланттарын жариялады

Футбол
2K
Фото kff.kz сайтынан
Қазақстан жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы Босния және Герцеговина жастарымен өтетін ойынға дайындықты бастады.

Қазақстан жастар құрамасы 20-25 наурыз аралығында Астанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Босния және Герцеговина құрамасымен болатын матчқа дайындалады. Бұл кездесу 25 наурыз күні, сағат 20:00-де «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Жастар құрамасына жақында ғана аға жаттықтырушы болып бекітілген Вахид Масудов өзінің алғашқы «емтиханына» төмендегі ойыншыларды шақырыпты. Әрі Босния және Герцеговина құрамасымен өтетін матчта хаттамаға ілігетін футболшылар оқу-жаттығу жиыны барысында іріктелініп алынбақ.

қақпашылар – Михаил Голубничий («Астана»), Станислав Павлов («Ақтөбе»), Илья Караваев («Алтай»);

қорғаушылар Берік Шайыхов («Астана»), Әнуар Ағайсин («Тобыл»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Біржан Құлбеков («Астана»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Григорий Сартаков («Ертіс»), Антон Куксин («Оқжетпес»);

жартылай қорғаушылар Қуаныш Ермеков («Шахтер»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Мирас Төлиев («Оқжетпес»), Исламбек Күлекенов («Ақтөбе»), Иван Антипов («Ақжайық»), Владимир Воменко («Ертіс»), Ян Вороговский («Қайрат»);

шабуылшылар Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»), Темірлан Әлмұрзаев («Тобыл»), Максим Федин («Спартак», Суботица), Сергей Ветров («Шахтер»), Георгий Макаев («Қызылжар»), Самит Чулагов («Алтай»).

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика