Вернуться к списку статей

“Тобыл” электронды тендер арқылы 24 миллион теңгеге сатылды

Футбол
1K
«Тобыл» футбол клубының директоры Талғат Баймұратов. Фото: ng.kz
«Тобыл» футбол клубы 29 қаңтар күні электронды тендер арқылы жалғыз сатып алушыға сатылып кетті. Бағасы шамамен 24 миллион теңгені құраған.

Негізі, «Тобыл» тендерге қойылғалы біраз болған. Бастапқы бағасы 95 915 000 теңге болған да екен. Бірақ сатып алушы болмай, бағасы төмендеп, келесі тендерлерге шегеріле берген. Енді 23 978 000 теңгеге сатылыпты. Сатып алушы Қазақстан резиденті көрінеді.

Осы тендерлік сатылым жөнінде «Тобыл» футбол клубының директоры Талғат Баймұратов команданың ресми сайты арқылы түсініктеме берді:

«Тобыл» ФК» ЖШС-індегі мемлекеттің қатысу үлесінің 50 пайызы сатылды. Сөйтіп клубтың жабылып қалуы туралы мәселесі алып тасталынды. Қалған жағынан клубтың сатылу дерегі команданың келесі маусымға дайындалу жұмыстарына ешқандай кесірін тигізбейді. Клубтың серіктестері, ойыншылары және қызметкерлері алдындағы барлық қаржылай міндеттемелері сақталады. «Тобыл» сол бұрынғы режімде жұмыс жасайды.

Жалпы, мұны «Тобыл» футбол клубы жартылай жекешелендірілді деп түсінген дұрыс сияқты. Әрі бірден сатылып кетпей, келесі тендерлерге шегеріле беруінің себебі құжаттамаларына өзгерістер енгізіліп, сатып алушыға ақшасын бөліп төлеуге болатын мүмкіндіктердің қарастырылуынан да болатын. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика