Кеншілер қаласындағы бойжеткендер додасына, яғни ел біріншілігіне 10 команда қатысқан. Осы жерде есіңе... еріксіз ерлер арасындағыҚазақстан чемпионатында бес-ақ команданың доп теуіп жүргені түседі екен...
Сонымен, 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионатында мына командалар бақ сынады: Астана, Алматы, СҚО (Петропавл), «Жігер» (Қызылорда), «Толағай» (Павлодар), Ақтөбеден екі команда (ОБЖСМ және ОРОБЖСМ), Қарағандыдан үш ұжым («Шахтер-1», «Шахтер-3», «Шахтер-12».
Бұл командалар әуелі екі топқа бөлініп додаға түскен. Екі топтың кестесі төмендегідей:
«А» тобы
1. «Шахтер-1» – 8 ұпай (доп айырмасы: 25-10)
2. Астана – 8 (23-8)
3. СҚО – 8 (22-10)
4. Ақтөбе-2 – 3
5. Алматы – 0
«В» тобы
1. «Жігер» – 10
2. Ақтөбе-1 – 8
3. «Шахтер-3» – 5
4. «Толағай» – 4
5. «Шахтер-12» – 0
Жартылай финалдық ойындар:
Ақтөбе-2 – «Шахтер-3» – 3:2 (2:2
СҚО – «Толағай» – 2:1
«Шахтер-1» – Ақтөбе-1 – 2:1
Астана – «Жігер» – 4:2
Финалдық ойындар:
9-орын үшін: Алматы – «Шахтер-12» – 7:4
7-орын үшін: «Толағай» – «Шахтер-3» – 4:0
5-орын үшін: СҚО – Ақтөбе-2 – 5:1
3-орын үшін: Ақтөбе-1 – «Жігер» – 4:2
Финал: Астана – «Шахтер-1» – 4:2