Вернуться к списку статей

Бозбалаларымыз Гранаткин турнирі дайындығын бастады

Футбол
1K
Фото: kff.kz
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғардағы ұлттық құраманың базасында Гранаткин мемориалына дайындықты бастады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

ФИФА-ның құрметті вице-президенті Валентин Гранаткинді еске түсіруге арналған халықаралық турнир 8-21 қаңтар аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді. Біз Қазақстан жеткіншектерінің «С» тобына түскенін бұған дейін жазғанбыз.

Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасының бапкерлері Алатау бөктеріндегі оқу-жаттығу жиынына мына футболшыларды шақырыпты:

қақпашылар – Адашбек Әбдіразанов («Ордабасы»), Әли Янтижанов («Қайрат»), Владислав Сазонов («Ертіс»);

қорғаушылар Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Талғат Күсяпов («Астана»), Сағи Совет («Астана»), Самат Бортай («Ордабасы»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Ерасыл Аманжолов («Атырау»), Айбар Нұрдалиев («Қайрат»), Санжар Батырханов («Жетісу»), Данил Кузнецов («Ертіс»);

жартылай қорғаушылар – Айдос Орал («Шахтер»), Жанәлі Пайруз («Шахтер»), Дарын Сүйінов («Қайрат»), Нұралы Әліп («Қайрат»), Сағыныш Серіков («Қайрат»), Батыр Құдайбердінов («Ертіс»), Мұхит Жақсылық («Ордабасы»), Әліби Тұзақбаев («Қайрат»), Гаврил Кан («Тараз»);

шабуылшылар – Сұлтан Астанов («Қайрат»), Жәнібек Байтұрсынов («Қайрат»), Мәрлен Айманов («Қайрат»), Владислав Квон («Еңбек»).

Резервте: Мәди Жақыпбаев («Астана»), Жасұлан Қайыркенов («Астана»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Еркебұлан Сейідахмет («Монтажник»), Данил Устименко («Қайрат»), Андрей Ульшин («Қайрат»).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика