Вернуться к списку статей

Самат Отарбаев “Ақтөбемен” келісімшартқа отырды

Футбол
1K
Самат Отарбаев
Қақпашы Самат Отарбаев «Ақтөбе» клубында қалатын болып, екеуара келісімшартқа отырыпты. Бұл ақпаратты аталмыш клубтың ресми сайты таратты.

«Ақтөбе» Самат Отарбаевты 2016 жылдың басында «Ордабасы» клубынан жалға алған болатын. Биылғы маусымда ол ақтөбеліктердің негізгі қақпашысына айналып, 28 ойын өткізді. Осы матчтарда өз қақпасына 39 гол жіберіп алды.

Әйтсе де, «Ақтөбе» жанкүйерлерінің сүйікті ойыншыларының бірі бола білді. Қазақстан премьер-лигасындағы ойындарда әлеуеті зор қақпашы екендігін паш етіп, шеберлігімен көзге түсті. Тіпті Қазақстан ұлттық құрамасының сапына да шақыртылды.

«Ақтөбе» клубының ресми сайты мен жанкүйерлері Саматтың толыққанды келісімшартқа отырып, команда сапында қалғанына қуанышты. Әрі үлкен сенім артатындықтарын білдіріп, тұрақты ойын үлгісін көрсетуіне тілектес екендіктерін білдіріпті.

Игі тілектерге біз де қосыламыз. Үмітті ақтап, сенім үдесінен шыға бер, Самат! 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика