Вернуться к списку статей

“Атыраудың” бас бапкері – хорват Зоран Вулич

Футбол
1K
«Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері – хорват маманы Зоран Вулич. Фото: rfcatyrau.kz
«Атырау» футбол клубы бас бапкерлік тізгінін 55 жастағы хорват маманы Зоран Вуличке сеніп тапсырды.

Зоран Вулич Югославияның көпшіліккке танымал қорғаушысы болған. Жасыл атаңда атой салған кезінде «Хайдук» (Хорватия), «Мальорка» (Испания) және «Нант» (Франция) клубтарының намысын қорғаған. Югославия құрамасы сапында 25 ойын өткізген. Кейінен Хорватия құрамасының жейдесін киіп, үш матч өткізіп үлгерген.

Бапкерлік қызметін 1998 жылы «Хайдук» (Сплит, Хорватия) командасы сапында бастаған. 2008 жылы Ресейдің «Луч-Энергия» (Владивосток) клубын жаттықтырды. Одан кейін Хорватиядағы «Риека»,«Истра-1961» және«Сплит» командаларының бас бапкері болды.

2014 жылы Вулич 19 жасқа дейінгі Хорватия құрамасын жаттықтырды. 2015 жылы Молдованың «Шериф» клубына бас бапкер болып тағайындалды. Осы командамен биылғы маусым айына дейін жұмыс жасап, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Зоран Вуличтің бас бапкер ретінде қол жеткізген жетістіктері:

2000/2001 жылдар – Хорватия чемпионы («Хайдук»);

2002/2003 жылдар – Хорватия кубогының иегері («Хайдук»);

2015/2016 жылдар – Молдова чемпионы («Шериф»).

Енді, міне 2016 жылдың желтоқсан айынды «Атырау» клубына бас бапкер болып бекітілді. Оған футбол әлеміне кеңінен танымал хорват маманы Младен Пралия көмектесетін болады. Ол «Хайдук» (Сплит, Хорватия) және «Локомотиве» (Мәскеу, Ресей) клубтарында тәжірибе жинақтаған. Соңғы екі маусымда «Шерифте» Зоран Вуличтің көмекшісі болған.

Естеріңізге сала кетейік, «Атыраудың» бұған дейінгі бас бапкері, Болгария маманы Стойчо Младенов жақында премьер-лигаға биыл ғана оралған «Қайсар» (Қызылорда) клубының тізгінін ұстаған...

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика