Вернуться к списку статей

Дания – Қазақстан матчына дайындалатын дат футболшылары

Футбол
2K
Дания құрамасы. Фото: dbu.dk
Бүгін Дания құрамасы 11 қарашада біздің елдің ұлттық құрамасымен өтетін ойынға дайындалатын құрамын жариялады.

11-13 қараша күндері 2018 жылғы әлем чемпионатының Еуропадағы іріктеу турнирлерінде төртінші турдың ойындары өтеді. Содан кейін 2017 жылдың наурыз айына дейін – үзіліс.

Қазақстан ұлттық құрамасы бақ сынайтын «E» тобының ойындары 11 қарашада, жұма күні өтеді. Біздің футболшылар Копенгагенде Дания құрамасымен кездеседі. Бірақ біздің уақытпен бұл матч сенбіге ауған түні, яғни 12 қарашада 01:45-те басталады.

Дания құрамасының бас бапкері Оге Харейде биылғы жылғы соңғы ойындарына 23 футболшы шақырыпты. Олардың арасында 19 жастағы жас талантары Каспер Дольберг те бар. Дания футбол одағының ресми сайты осы ойыншының ұлттық құрамалары сапына шақыртылуына көп көңіл бөліпті. Енді Дания құрамасының бас бапкері Оге Харейденің таңдауы түскен 23 футболшының тізіміне көз жүгіртіңіздер:

қақпашылар  Каспер Шмейхель («Лестер», Англия), Йонас Лёссль («Майнц-05», Германия), Фредерик Рённов («Брондбю»);

қорғаушылар Риза Дурмиси («Бетис», Испания), Янник Вестергор («Боруссия Мёнхенгладбах», Германия), Симон Кьер («Фенербахче», Түркия), Петер Анкерсен («Копенгаген»), Андреас Бьелланн («Брентфорд», Англия), Матиас Йоргенсен («Копенгаген»), Даниэль Васс («Сельта», Испания), Эрик Святченко («Селтик», Шотландия);

жартылай қорғаушылар  Кристиан Эриксен («Тоттенхэм», Англия), Пьер-Эмиль Хёйбьерг («Саутгемптон», Англия), Томас Дилейни («Копенгаген»), Уильям Квист («Копенгаген»), Йенс Ларсен («Аустрия», Австрия), Лассе Шёне («Аякс», Нидерланды);

шабуылшылар Виктор Фишер («Мидлсбро», Англия), Юссуф Поульсен («РБ Лейпциг», Германия), Николай Йоргенсен («Фейеноорд», Нидерланды), Андреас Корнелиус («Копенгаген»), Каспер Дольберг («Аякс», Нидерланды), Мартин Брейтвейт («Тулуза», Франция).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика