Вернуться к списку статей

“Ордабасы” үштікке іліге алмады – “Қайрат” қолын мезгілінен кеш сермеді

Футбол
1K
Бүгін Қазақстан премьер-лигасының ХХХІІ туры өтіп, 2016 жылғы ел чемпионатының жүлдегерлері анықталды. Соңғы турдың қалған үш ойынында алаң иелері жеңіске жетті.

“Ордабасы” “Ақтөбені” пенальтидің арқасында жеңді

Бұл ойында қонақтар есеп ашып, алаң иелерін әбден састырды. Әйтсе де, «Ордабасы» жеңіске жетті. Бірақ қоржынына үш ұпай салса да, қола жүлдеге қол жеткізе алмады.

Бір қызығы, оңтүстікқазақстандықтар екі рет пенальти соғу мүмкіндігіне ие болды. Гейнрих біріншісін қақпадан биік тепсе, екіншісін мүлтіксіз орындады.

«Ордабасы» – «Ақтөбе» – 2:1

Голдар: Кәкімов, 5 (0:1). Төлебек, 40 (1:1). Гейнрих, 88-пенальтиден (2:1).

37-минутта Гейнрих пенальти соға алмады.

«Ордабасы»: Бойченко, Төлебек, Абдулин, Диакате, Симчевич, Смақов, Чатто (Касалица, 84), Марцваладзе (Әшірбеков, 67), Гогуа (Қожабаев, 46), Гейнрих, Тұңғышбаев.

«Ақтөбе»: Трофимец, Қайыров, Азовский, Давлатов, Ситдиков, Митошевич, Кәкімов, Крюков (Жұмашев, 46), Бойчук (Скворцов, 69), Бочаров, Жалмукан (Шестаков, 46).


“Қайрат” әлі шаршаған жоқ

«Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» ойсырата жеңді. Алматы клубы маусым соңында қарсыластарын оңды-солды ұтып, бет қаратар емес. Соңғы жеті турда бір-ақ рет тең түсіп, алтауында үстем түсті.

Осыдан үш күн бұрын «Астана» клубының ойыншысы Каньяс тепкен пенальтиді тойтарған «Оқжетпестің» қақпашысы бүгін де 11-метрлік айып соққысын кері қайтарды. Бірақ Бауыржан Исламхан допқа өзгелерден бұрын жетіп, қайыра теуіп, қақпаға енгізді.  

«Қайрат» – «Оқжетпес» – 5:0

Голдар: Гоу, 1. Исаэль, 46. Исламхан, 49. Қуат, 67. Сүйімбаев, 86.

49-минутта Исламхан пенальти соға алмады.

«Қайрат»: Покатилов, Лунин (Бакаев 14), Рудосельский, Ампоста, Сүйімбаев, Тимощук, Қуат, Исаэль, Аршавин (Тұрысбек, 63), Исламхан (Вороговский, 72), Гоу.

«Оқжетпес»: Стаменкович, Қожамберді, Чижов, Волков, Мангуткин, Еоне, Төлиев (Әбілғазы, 90), Куксин (Каналес, 76), Юрин, Нганбе, Молдақараев (Жұмаханов, 57).


“Атырау” “Тобылды” тобықтан қақты

Екінші алтылықтың үздіктері арасындағы матчта «Атырау» ірі есеппен жеңіске жетті. Алаң иелері ел чемпионатының қорытындысында қонақтарынан төмен орналасса да, олардан кем түспейтіндіктерін дәлелдегілері келгендей.

Негізі, «Атырау» үшін биылғы маусым әлі аяқталған жоқ. Олар енді ел кубогының жартылай финалында додаға түседі (5 қараша күні). Тіпті келесі жылы Еуропа лигасында бақ сынау құқына қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Ол үшін Қазақстан кубогын жеңіп алу керек...    

«Атырау» – «Тобыл» – 3:0

Голдар: Шарпар, 3-пенальтиден. Кассай, 47-автогол. Эссаме, 66.

«Атырау»: Нарзикулов (Нұрмұхаметов, 57), Чуреев, Мулдаров, Ламанж, Эсатов, Эссаме, Сапаров, Куртеян (Шабалин, 80), Федин (Жагоров, 90), Аржанов, Шарпар.

«Тобыл»: Бұсұрманов, Гурман, Дмитренко, Яворский, Мирошниченко, Главина, Деак (Эльмурзаев, 40), Кассай, Шимкович (Джалилов, 76), Хижниченко (Жуков, 90), Асильдаров.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика