– Бүгін қарсыласымызды оңай жеңдік деп айта аласыз ба?
– Оңай жеңіске жеттік деп ешқашан көлгірсуге болмайды. Біз «Астананы» әбден зерттедік. Артық және кем тұстарын таразыладық. Сондықтан, бүгін біздің ойыншылар керемет ойнады. Бірінші таймда өзімізде болған мүмкіндіктердің барлығын голға айналдырып, үзіліске жақсы нәтижемен шықтық. Бүгінгі жеңісіміздің кепілі – бірінші тайм. Ардагер ойыншымыз Оскар Кардосо да бізге көп көмектесті.
– Екінші таймда қарсыласыңызға еркін ойнауға мүмкіндік беріп қойдыңыздар. Бұған не себеп?
– Бірінші таймда жауапсыз үш гол соғып алған соң үзілістен кейін аздап босаңсып қалдық. Бұлай ойнауға болмайды. Бізге 90 минут бойы тепе-теңдікті ұстап тұруымыз қажет.
– «Астана» сіздерді таңғалдыра алды ма?
– Иә, біз «Астананың» әлеуетін жақсы білетін едік. Құрамын, футболшыларын әбден зерттегенбіз. Сондықтан, әу баста олардан сескеніп, қорыққанымыз рас. Бірақ, қарсыласымыз бүгін бізді таңғалдыра алмады. Біздің жігіттер жарады.
– Еуропа лигасының келесі турын Қазақстанда жасанды алаңда өткізесіздер. Бұл жағдайға қаншалықты дайынсыздар?
– Оған дейін әлі біраз уақыт бар. Ел чемпионатындағы қарсыластарымыз да күтіп тұр. Дәл қазір біз үшін ішкі чемпионаттың ойындары маңызды болып тұр. Ал 3 қарашада Астанада өтетін ойынға соның қарсаңында дайындаламыз.