Вернуться к списку статей

Көш соңында бірі жеңіп, бірі ұтылды...

Футбол
1K
«Атырау» – «Шахтер» – 2:0. Фото: rfcatyrau.kz
Бүгін Қазақстан премьер-лигасында ХХХ турдың ойындары өтті. Әзірше жүлдегерлер де, бірінші лигаға түсіп қалатын команда да нақты белгілі болған жоқ.

“Ақтөбе” мен “Оқжетпес” ұпай бөлісті

Алғашқы алтылықтағы үшінші ойында «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» кездесіп, ұпай бөлісті. Әр түрлі себептермен орталық қорғаушылары мен негізгі құрамдағы тәжірибелі ойыншыларынан айырылып қалған Көкше клубына алаң иелерінің азуы батпады.

Екі команда да енді қазіргі орындарынан жоғары “секіре” алмастарын сезіп, биылғы көрсеткіштеріне қанағаттанатын да болар. Әрі бүгін төрт гол соғып, көрермендерді «қарық» қылғандарына да көңілдері толатындай...    

«Ақтөбе» – «Оқжетпес» – 2:2

Голдар: Нганбе, 33 (0:1). Әбілғазы, 37-автогол (1:1). Жалмұқан, 79 (2:1). Нганбе, 84 (2:2).

«Ақтөбе»: Отарбаев, Қайыров, Сорокин, Цвейба (Николич, 74), Ситдиков, Давлатов, Митошевич (Куаджа, 46), Кәкімов, Шестаков (Бойчук, 66), Бочаров, Жалмұқан.

«Оқжетпес»: Стаменкович, Әбілғазы, Куксин, Волков, Мангуткин, Төлиев, Еоне, Юрин, Нганбе (Жұмаханов, 89), Қожамберді (Каналес, 60), Молдақараев (Ристович 83).


“Ақжайық” Қостанайдан үш ұпай олжалады

Көш соңындағы «Ақжайық» түзде «Тобылды» ұтып, «Таразды» қуып жетті. Қазір 29 ұпаймен тараздықтармен бірге 11-12 орындарды бөлісіп тұр. Бұл соңғы екі турда көш соңында бәсекелестік қызу болатындығын білдіреді.

Ал Қостанайдағы матчта жалғыз голды айып соққысынан Коронель Ортиз соқты. Теңбіл допты айып алаңының сыртынан теуіп, доғаша иіп, Логиновский құрған тосқауылдан асырып жіберді.

Екі минуттан кейін бас төреші Фуркат Атажанов алаң иелерінің белді ойыншысының бірі Нұрбол Жұмасқалиевті алаңнан қуып, «Тобыл» 10 ойыншымен қалып, таразы басын теңестіре алмады.

«Тобыл» – Ақжайық» – 0:1

Гол: Ортиз, 52.

54-минутта Жұмасқалиев алаңнан қуылды.

«Тобыл»: Логиновский, Мирошниченко, Дмитренко, Яворский (Асильдаров, 83), Главина, Мухутдинов, Джалилов (Жулпа, 66), Деак, Шимкович, Жұмасқалиев, Хижниченко.

«Ақжайық»: Төлебаев, Әбдірахманов, Одибе, Сапанов, Сергиенко, Рубио, Розыбакиев, Говедарица, Ортиз (Шурыгин, 82), Дудченко (Шахметов, 90+3), Лечич.


“Атырау” “Шахтерге” 8-орынды бергісі келмейтіндей...

«Шахтер» ел чемпионатының екінші кезеңінде қарқынын үдетіп, 8-орынға дейін көтерілген болатын. Ал «Атырау» күзге салым біраз ұпай жоғалтып, бір саты төмен сырғыған болатын. Бүгін екеуі Жайық жағасында кездесті.

«Атырау» қарсы шабуылдарымен қонақтарының қорғанысын піспектеп жүріп, кеншілер клубын екі мәрте сан соқтырып кетті. Сөйтіп, өзімен 8-орынға таласқан команданы ұтып, бір саты төмен ығыстырды.

«Атырау» – «Шахтер» – 2:0

Голдар: Аржанов, 17. Шабалин, 78.

«Атырау»: Нарзикулов, Чуреев, Сапаров, Дамчевски, Ламанж, Мулдаров, Эссаме, Федин (Шабалин, 65), Куртеян (Шарпар, 90), Аржанов, Трытко.

«Шахтер»: Шацкий, Пикалкин, Василевич, Садовничий, Скорых, Горячий (Тәттібаев 78), Сзоке, Зошак, Байжанов, Уббинк, Симоновски (Өміртаев, 86).


“Жетісу” мен “Тараз” екі ұпайдан жоғалтты

Көш соңындағы командалар үшін әрбір ұпай – маңызды. Талдықорғандағы матчта екі командаға да тек үш ұпай керек болатын. Бірақ екеуі де бір ұпайды қанағат тұтып, тең тарасты.

Есесіне, сары қағаз алудан біразға барды. Алаң иелерінің үш ойыншысы ескерту алса, қонақтардың алты футболшысы сары қағаз алып қайтты. Чемпионат соңында мұның да қажеті шамалы еді...

Қазір «Тараздың» қоржынында – 29 ұпай. «Ақжайықпен» “үзеңгі” қағыстырып келеді. Ал «Жетісу» олардан екі ұпай ғана артық жинап (31), әлі де “қауіпті” аймақтан ұзап кете алмай тұр.  

«Жетісу» – «Тараз» – 0:0

«Жетісу»: Шабанов, Шайыхов, Клайн, Бегларян (Вага, 90), Сағындықов (Азовский, 57), Джалович, Касьянов, Шабаев, Боровский (Жаңғылышбай, 80), Калинин, Джерманович.

«Тараз»: Григоренко, Данилюк, Мера, Д.Евстигнеев, Пищур, В.Евстигнеев, Яковлев, Эргашев, Сүлей (Таубай, 63), Тәжімбетов (Әмірханов, 75; Баялиев, 85), Мане.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика