Вернуться к списку статей

"Алтайға" Премьер-лигада ойнауға әлі ерте ме?

Футбол
2K
Премьер-лиганың екінші жолдамасы Семейде шешілген секілді. Рас, әлі ештеңе нақты анықталған жоқ. Бірақ, өз алаңында басты бәсекелесі «Қызыл-Жардан» жеңіліп қалған «Алтай» өз жағдайын қиындатып алды.

Бірінші лиганың өткен турынан кейін «қайсарлықтарды» уақытынан бұрын чемпион атанып қойғандары үшін құттықтағанбыз. «Әлі ерте. Бұл Федерацияны түсініп болмайсың ғой. «Алтайдан» әлі де қауіп бар. Оларға тоғыз ұпайын қайтарып берер болса, бізге жетіп қалуы да мүмкін. Келесі турды сәтті өткізсек, сонда ғана құттықтау қабылдауға болады», - деген еді сол кезде «Қайсар» жанкүйерлері. Енді қызылордалықтарды құттықтай беруге болады-ау. Оларды енді ешкім де қуып жете алмайды. Бүгін өз алаңында  «Екібастұзды» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал екінші орынның тағдыры Семейде шешілген сияқты. Ойынның алтыншы минутында Бошко Ступичтің соққысын өткізіп алған «алтайлықтар» өз алаңында қара басып, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Иә, осылайша бірінші маусымда-ақ Премьер-лигаға басып кірсек деген армандары орындалмайтын секілді. Егер бүгін басты бәсекелесін жеңгенде, онда Премьер-лиганың електік матчына қатысуға болар еді. Енді не деуге болады? Қолдарында тұрған мүмкіндікті жіберіп қойған өздері, әлде «Алтайға» Премьер-лигада ойнау әлі ерте ме?

Қазір "Қызыл-Жар" мен "Алтайдың" арасын үш ұпай бөліп тұр. Енді алда екі-ақ тур қалды. Петропавлдықтар алдымен өз алаңында "Қайсарды" қабылдаса, соңғы турда Ақтауға қонаққа барып, "Каспиймен" кездеседі. Ал "Алтай" алдымен түзде "Мақтааралмен" кездесіп, соңғы турда Қызылордада "Қайсармен" ойнайды.

26-турдың үшінші ойыны Ақтауда өтті. Жетісайдың «Мақтааралын» қабылдаған «Каспий» қонақтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді.

БІРІНШІ ЛИГА, 26-ТУР

«Алтай» (ШҚО) – «Қызыл-Жар» (Петропавл) 0:1 (0:1)

Гол: Ступич, 7.

Ескертулер: Димов 16, Колодин 23, Карпович 46, Шафф 87 – Сапарғалиев 36, Бурцев 46, Видич 73, Мульдинов 77, Гунченко 81.

«Алтай»: Колбунцов, Жағыппар (Құлахметов 70), Умашев, Муқанов (Заречный 55), Карпович (к), Д.Шмидт, Шафф, Шакин, Нұрғалиев, Димов, Колодин

Резерв: Котляр, Е.Шмидт, Сәкенов, Ерсәлімов, Щеткин

«Қызыл-Жар»: Зәкіров, Соколенко (Гунченко 58), Сұлтанов, Аитов, Алиев (к), Бурцев (Мульдинов 70), Сапарғалиев (Перцух 75), Ступич (Гридин 87), Струков, Седельников, Видич

Резерв: Калмыков, Голубничий, Серғалиев

Төрешілер: Ысқақов, Әубәкіров (екеуі де – Астана), Филипчук (Шымкент)

Семей. «Спартак» стадионы. 1 500 көрермен.

«Каспий» (Ақтау) – «Мақтаарал» (ОҚО) 3:0 (2:0)

Голдар: Покатилов, 39 өз қақпасына. Қабылан, 45+2. Қабылан, 86.

Ескертулер: Қадырбаев 28, Қайраллиев 35 – Балтабаев 80

Қызыл қағаз: Қадырбаев 43.

«Каспий»: Аязбаев, Елтаев (Жақыпов 87), Таңжарықов (Жанысбаев 90), Қабылан (Алқамбеков 90+2), Нәбиханов, Пасеченко, Коне, Шевченко, Қадырбаев, Қайраллиев, Арменов (к) (Сердюков 76)

Резерв: Овчинников, Озғанов, Сарғұлов, Утробин

«Мақтаарал»: Кувшинов, Бақтияров (Балтабаев 46), Рыбалко, Мәжитов, Аллашүкіров, Задорожный, Ыбыраев (к), Покатилов (Әбутов 40), Шубаев (Махамбетов 46), Зверев, Алекперзаде (Иманов 71)

Резерв: Хамытбеков, Қамбил, Мыңбаев

Төрешілер: Сахи (Қызылорда), Талапкеров (Орал), Волков (Атырау)

Ақтау. «Жас Қанат» стадионы. 1 500 көрермен.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Екібастұз» 2:0 (1:0)

Голдар: Хромцов, 6-пен. Павинич, 90.

Ескертулер: Павинич 72 – Сүлейменов 41

Қызыл қағаз: Оразалиев 5.

«Қайсар»: Исламқұлов, Кейлер (Нүсіп 75), Жахаев (Кеңесбек 57), Керімжанов, Нәрзілдаев, Марочкин, Сахалбаев (к) (Сейітханов 90) Алтынбеков (Павинич 57), Марушко, Күнов, Хромцов

Резерв: Рушинас, Қалмуратов, Молтусинов, Алтаев, Граф
«Экибастуз»: Айдаргалиев, Саденко (Әубәкіров 70), Червов, Чифин (Қуанышев 60), Сүлейменов, Оразалиев, Айменов, Бралин (к), Жұмкенов, Аллаяров (Зейноллин 70), Джамаришвили (Головешкин 60)

Резерв: Сотник, Омаров, Ануарбеков

Төрешілер: Байымбет (Тараз), Якбаров (Семей), Завгородний (Петропавл)

Қызылорда. Ғ.Мұратбаев атындағы Орталық стадион. 1 000 көрермен.



Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика