Вернуться к списку статей

Жасөспірімдер құрамасы Испанияда жаттығатын болды

Футбол
1K
Қазақстан-U17 құрамасы Испанияда жаттығады. Фото: kff.kz
Ертең еліміздің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы құрамасы Испанияға атанып, аталған мемлекетте оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Қазақстан-U17 құрамасы бүгін Алматыда жиналды. Ертең Испанияға ұшады. 13 қазанға дейін Пиреней түбегінде жаттығу жиынын өткізіп, содан кейін Андорраға барып, додаға түседі.  

Андоррада 2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында екінші топтың іріктеу ойындары өтеді. Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан-U17 құрамасының қарсыластары – Ирландия, Грекия және Андорра бозбалалары.

Бапкерлер құрамы Испанияға мына жас футболшыларды әкететін болыпты:

қақпашылар – Данил Устименко, Олег Медведев, Даниил Горбунов;

қорғаушылар – Дінмұхамед Қашкен, Сағи Совет, Санжар Әйтім, Әлім Ілиясов, Бексұлтан Шәмші;

жартылай қорғаушылар – Мәди Жақыпбаев, Руслан Махан, Арман Кеңесов, Сұлтан Сағынаев, Жасұлан Қайыркенов, Денис Красноперов, Андрей Ульшин, Александр Усачев, Вадим Сидоров;

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет, Арыстанбек Мұқашов, Виктор Грабко.

Қазақстан-U17 құрамасының Андоррада өткізетін ойындарының кестесі:

2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы, ІІ топ.

15 қазан: Қазақстан – Грекия

17 қазан: Ирландия – Қазақстан

20 қазан: Андорра – Қазақстан

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика