Осыдан екі күн бұрын, нақтырақ айтқанда, 28 қыркүйекте «Оқжетпес» төрт ойыншысын негізгі құрамынан аластатып, «олар енді жеке кесте бойынша жаттығады» деп жариялаған болатын.
Олар – Әлібек Бөлешев, Марат Хайруллин, Антон Чичулин және Александр Кислицын. Себеп – өздеріне деген талаптың төмендеп кетуі. Ресми түрде жарияланған себеп-салдары – осы.
Ал бүгін Көкше клубының ресми сайты осы төрт ойыншымен екі жақты келісім бойынша еңбек келісімдері бұзылғандығын мәлімдеді. Әрі аталған төртеуіне өз командаларында ойнағандары үшін алғыс жолдапты.