– Қызықты ойын болды. Тең есеп те екі команданы да ренжітпейтін нәтиже. Бірқатар негізгі ойыншыларымыздың осы кездесуге қатыса алмағанын ескерсек, бір ұпай біз үшін үлкен олжа, - деді Хюттер.
– «Янг Бойзға» қарағанда бұл ойында жеңіске «Астана» жақынырақ болды дегенмен келісесіз бе?
– Жоқ, меніңше, «Астанаға» қарағанда жеңіске біз бір табан жақынырақ болдық. Рас, Деспотовичтің шалқалай секіріп, қайшылай тепкен соққысынан кейін доп қақпамыздың маңдайшасынан серпіліп, Құдай бізді сақтап қалды. Дегенмен, бізде гол соғатын мүмкіндіктер көбірек болды. Тіпті, матчтың соңғы минуттарында да жеңісті жұлып алатын жөніміз бар еді. Кешірдік.
– Сіздіңше біздің топта екінші орынды қай команда алуы мүмкін?
– «Олимпиакос» – тобымыздың көш басшысы екені түсінікті. Ал екінші орынға «Астана» да, «Янг Бойз» бен «Апоэл» де лайықты. Негізгі тартыс осы үш клубтың арасында өтпек. Жалпы, қай командаға болмасын, Қазақстанда ойнау оңай болмайды.
– Тең есепке көңіліңіз тола ма?
– Иә, бір ұпайға да қанағат. Өйткені, «Астана» – құрамы мықты ойыншылармен жасақталған қарымды команда. Кабананга сынды қауіпті қаруларыңыз бар. Сондай-ақ, стадиондағы атмосфера да керемет болды.
– Гол соғу үшін сіздің командаңызға не жетіспеді?
– Бәрі де жеткілікті болды. Тек гол ғана жетіспеді.
– «Астана» келесі ойынын түзде «Олимпиакоспен» өткізеді. Ал сіз олармен бірінші турда кездескенсіздер. Гректерге қарсы қалай ойнауымыз керек? Кеңес беріп жібересіз бе?
– Біз ол ойында ұтылып қалғанбыз. Сондықтан, біз сіздерге қатырып ақыл айта қоймаспыз.