Маусымның 6-сы күні Далян қаласында өткен Қытай – Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде өте ауыр жарақат алған Ұлан Қонысбаев алдағы екі-үш айда алаңға қайта оралуы әбден мүмкін.
Қазір футболшының жағдайы жақсарған. Италия астанасы Римде жеке бағдарлама бойынша жаттығып жүр. Бұл бейнероликті "Атырау" футбол клубының "вконтакте" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы жариялады.