Оқу-жаттығу жиыны Талғардағы базада өтіп жатыр. Қазақстан-U19 құрамасы 3 қазанға дейін дайындықтарын пысықтап, Брюссельге аттанады. Ал 6-11 қазан аралығында 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі өтеді. Серік Әбдуәлиев жаттықтыратын бозбалаларымыздың қарсыластары – Бельгия, Рсей және Финляндия жасөспірімдері.
Қазақстан-U19 құрамасының бапкерлері кеңейтілген тізімге 23 футболшыны енгізіпті. Бірақ олардың 18-і ғана Брюссельге барады. Енді оқу-жаттығу жиынына шақыртылған жас футболшыларымыздың тізімімен танысыңыздар:
қақпашылар – Ислам Нұрбаев, Бекхан Шайзада, Данил Подымский;
қорғаушылар – Мәди Айтөре, Әлібек Қасым, Нұрлыбек Қуанышев, Ерасыл Аманжол, Сағадат Тұрсынбай, Саид Мұзапаров, Кирилл Алексеев,
жартылай қорғаушылар – Рамазан Оразов, Рауан Орынбасар, Илья Артюшенко, Геворг Наджарян, Роман Уханов, Артур Шушеначев, Артем Попов;
шабуылшылар – Наурызбек Жагоров, Мұхит Жақсылық, Алтынбек Төлеев, Әділ Аслан, Акмаль Бахтияров, Бақтияр Зайнутдинов.
Аға жаттықтырушы – Серік Әбдуәлиев,
аға жаттықтырушының көмекшісі – Қайрат Әубәкіров,
қақпашылар жаттықтырушысы – Тимур Оразов.
2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі. І-топ.
Ойындар күнтізбесі:
6 қазан
Қазақстан – Бельгия
Ресей – Финляндия
8 қазан
Қазақстан – Ресей
Бельгия – Финляндия
11 қазан
Қазақстан – Финляндия
Бельгия – Ресей
Осы ретте айта кетейік, 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы сатысында төрт құрамадан 13 топ бар. Осы топтарда 1-2 орын алғандар келесі кезеңге шығады. Оларға үшінші орын алған құрамалардың ішіндегі техникалық көрсеткіші ең жоғарысы да қосылады. Екінші електік ойындар көктемде ұйымдастырылып, онда жеті топ түзіледі.