Вернуться к списку статей

Қазақстан құрасының Қаратау және Румыниямен өтетін ойындарға шақыртылған футболшылары

Футбол
2K
Қазақстан ұлттық құрамасы – 2016. Фото: kff.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін екі матчқа дайындалатын футболшыларымыздың тізімін жариялады.

Қазан айының бірінші жартысында Қазақстан ұлттық құрамасы Қаратау және Румыния құрамаларымен кездеседі. Бұл екі ойын – 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші және үшінші турдың ресми матчтары.   

8 қазан күні Талғат Байсуфиновтің шәкірттері түзде Қаратау футболшыларымен кездеседі. Ал 11 қазанда Румыния құрамасын қабылдайды. Бұл ойы «Астана-Арена» стадионында 22:00-де басталады.

Енді осы екі ойынға шақыртылған футболшылар тізімімен таныс болыңыздар:

қақпашылар С.Покатилов («Қайрат»), С.Отарбаев («Ақтөбе»), А.Бекбаев («Ордабасы»)

қорғаушыларЮ.Логвиненко («Астана»), Е.Ахметов («Ертіс»), А.Бейсебеков («Астана»), С.Малый («Астана»), Ғ.Сүйімбаев («Қайрат»), Д.Шомко («Астана»), І.Әмірсейітов («Жетісу»), А.Кислицын («Оқжетпес»), Р.Абдулин («Ордабасы»);

жартылай қорғаушыларБ.Исламхан («Қайрат»), С.Мұжықов («Астана»), И.Қуат («Қайрат»), А.Тағыберген («Астана»), М.Байжанов («Шахтер»), А.Нұрғалиев («Астана»), М.Төлебек («Ордабасы»), С.Смақов («Ордабасы»), А.Мухутдинов («Тобыл»);

шабуылшылар Т.Нөсербаев («Астана»), Р.Мұртазаев («Ертіс»), Ж.Молдақараев («Окжетпес»), А.Нұрыбеков («Шахтер»), С.Хижниченко («Тобыл»). 

Резерв:

қақпашы: В.Логиновский («Тобыл»),

қорғаушы: В.Дмитренко («Тобыл»),

жартылай қорғаушылар: Ж.Қожамберді («Оқжетпес»), А.Таубай («Тараз»), Р.Розыбакиев («Ақжайық»), Э.Әбдірахманов («Ақжайық»).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика