Бұл ақпаратты futsalkazakhstan_official инстаграмы таратты. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан футзал қауымдастығы Instagram-дағы жеке парақшасына «Өкінішке қарай, Еуропа чемпионатының ең үздік мергендерінің бірі Серік Жаманқұлов әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды. Ол жаттығу кезінде аяғын сындырып алды» деп жазды.
Өкінішті-ақ, әрине. Биыл 2-13 ақпан аралығында Сербия астанасы Белградта өтетін 2016 жылғы Еуропа чемпионатында жарқырап көзге түсіп, бес ойында алты гол соққан, бірнеше ойында еліміздің жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосқан Серік Жаманқұлов қатардан шығып қалыпты.
Қалай және қандай жарақат алғаны ресми түрде әлі жарияланған да, мәлімденген де жоқ. Анық-қанығы елге жетпей жатыр. Бір анығы, әлем чемпионаты алдында біздің құрама ең үздік ойыншыларының бірінен айырылды. Серіктің бір артықшылығы, ол гол соғатын “нүктені” тауып алатын, ондай сәттерді мүлт жібермейтін.
Серіктің жарақатынан тезірек айығып, қатарға қосылуына тілектеспіз. Ал Қазақстан құрамасына әлем чемпионатында намысты қолдан бермейді деп сенеміз.
Естеріңізге сала кетейік, футзалдан ХІІІ әлем чемпионаты 10 қыркүйектен 1 қазанға дейін Колумбияда өтеді. Топтық кезеңде біздің құрама Аргентина, Коста-Рика және Соломон аралдары футзалшыларымен «Е» тобында бақ сынайды.