Вернуться к списку статей

Жасөспірімдерімізді Болгарияда жаттықтырамыз

Футбол
1K
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Фото: kff.kz
Еліміздің жасөспірімдер арасындағы құрамасы 7-17 қыркүйек аралығында Болгария астанасы Софияда оқу-жаттығу жиыны өткізеді. Бұл ақпаратты Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратты.

Оқу-жаттығу жиыны Болгарияда өтіп, екі-үш жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Ең бастысы, бапкерлер құрамы жеткіншектеріміздің 14-21 қазан аралығында Андоррада өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындықтарын пысықтап алатын болады.

Сонымен 2000 жылдан кейін туған, 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Софияға аттанатын сапы төмендегідей:

қақпашылар – Данил Устименко («Қайрат»), Олег Медведев («Астана»);

қорғаушылар – Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Сағи Совет («Астана»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Санжар Әйтім («Астана»), Әлім Ілиясов («Астана»);

жартылай қорғаушылар – Мәди Жақыпбаев («Астана»), Руслан Махан («Астана»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Жасұлан Қайыркенов («Астана»), Денис Красноперов («Ертіс»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Александр Усачев («Ақтөбе»), Вадим Сидоров («Қайрат»);

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет («Монтажник», Тараз), Арыстанбек Мұқашов («Қайрат»), Владислав Прокопенко («Астана»), Виктор Грабко («Атырау»).

Бапкерлер құрамы: аға жаттықтырушы – Александр Кузнецов, көмекшісі – Игорь Маштаков, қақпашылар жаттықтырушысы – Ерлан Тілеуқұлов, Берік Дүзелбаев – менеджер, Ғалылбай Ахметов – дәрігер, Сергей Евдощенко – массажшы, Владимир Горячий – әкімгер.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика